«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Отбасы күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев салтанатты рәсімді ашып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді. Онда байқаудың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлі айтылған.
«Мен Қазақстандағы әр шаңырақ берік болып, әрбір әулет бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Сол үшін отбасы саясатына баса мән беремін. Ұрпақтың бойындағы адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен мейірімділік, ұлтжандылық пен отаншылдық сияқты асыл қасиеттердің бәрі, ең алдымен, отбасында қалыптасады. Қазақ – қашанда ата-ананы сыйлаған, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген жұрт. Қазіргі жаһандану заманында рухани құндылықтарды халқымыздың өмір салтына айналдыру – аса маңызды міндет. Жыл сайын «Отбасы күніне» орай өткізілетін ұлттық конкурс бұған зор үлес қосуда. Оның, әсіресе, жастар үшін берер тағылымы мен тәлім-тәрбиесі зор», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Биыл аталған конкурсты өткізудің жаңа тәсілдері енгізілгенін айта кеткен жөн. Соған сәйкес енді жыл сайын республика бойынша 17 үздік отбасы анықталады. Осы жылы өңірлік конкурстық комиссияларға барлығы 2 768 өтінім түсті. Жаңа ережелерге сәйкес өтінімдер тек отбасылардан ғана емес, заңды тұлғалардан да қабылданды.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысының атынан лауреат отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Өз кезегінде жеңімпаз отбасылардың мүшелері әсерімен бөлісіп, осындай қолдау көрсетіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Алдымен сөз алған Ақмола облысындағы көпбалалы отбасының отағасы, қандас ағайын Құрмет Нұрсұлтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қандастарды қолдағаны және педагогтердің мәртебесін көтергені үшін алғыс айтты.
Солтүстік Қазақстан облысынан лауреат болған Крейдун отбасы – бес баланы асырап алып, тәрбиелеп отырған үйлесімді және тату отбасының үлгісі. Марапаттау кезінде Инна Крейдун отбасымен бірге басқа да отандастарымыз сияқты Қазақстандағы ауылдардың өркендеуі мен дамуы үшін барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.
Алматы қаласының дәрігерлер әулетінің өкілі, «АСТАНА ЭКОЛАЙФ» ЭКҰ медициналық орталығының бас директоры Алмагүл Ахметова Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасының және баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау шараларының өзектілігін алға тартты.
Ал Түркістан облысынан лауреат болған Жамаловтар отбасы өңірде ауыл шаруашылығын белсенді дамытып жатыр екен. Биыл ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне 30 жыл толыпты. Отағасы Асылбек Тұрсынбайұлы «Біздің отбасымыз – ел Тәуелсіздігінің құрдасы!», дейді.
Бұған қоса Отбасы күні қарсаңында елордада Айдос Нұрбаев пен Арай Сапарғалиқызы неке куәлігін алды. Айдос – жеке кәсіпкер, Арай – жетекші инженер-жобалаушы. «Бұл байқау – біз үшін жақсы белгі! Көпшілік үлгі алып, бой түзегісі келетін өнегелі отбасылардың ортасынан табылғанымызға қуаныштымыз!», деп жас жұбайлар ағынан жарылды.
Ұлттық конкурстың 2016 жылғы жеңімпазы Ақтөбе облысынан Нұсқабаевтар отбасының өкілі Қайрат Нұсқабаев бұл байқау отбасы мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктегенін айтты. Ол «Осы жоғары мәртебені абыроймен сақтау – біздің парызымыз», дей келе жеңімпаз отбасылар мен жас жұбайларға бақыт пен амандық тіледі.
Ел Президенті атынан лауреат отбасыларға естелік сыйлықтарды өңірлердің әкімдері табыс етті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Елбасының бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, үлгілі қазақстандық отбасын насихаттау.
https://egemen.kz