Көптен күткен жағымды жаңалық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты көптеген маңызды мәселе қозғалды. Президент соның ішінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы да айтып өтті.
Рухани байлықтың қайнар көзі – кітапханада еңбек етіп жатқан мен секілді жас мамандар үшін бұл қуаныш, әрине.
Бүгінде кітапхана саласында қызмет ететін ер-азаматтар саусақпен санарлық. Сол азшылықтың бір өкілі болып жылға жуық уақыттан бері облыстық кітапханада еңбек етіп келемін. Осы аз уақыттың өзінде бұл саланың қызығын да, шыжығын да көріп үлгердім, көп нәрсе үйрендім. Әлі де болса меңгеретін қыр-сыры жетерлік, себебі оқырманның іздегенін сан мыңдаған ақпараттардың ішінен тауып беру, рухани қажеттілігін қанағаттандыру оңай емес. Дүниежүзі небір техникалық төңкерісті басынан өткеріп жатыр, соның нәтижесінде көптеген саланың қызмет ету ауқымы да өзгеріске ұшырап, кеңейе түсті. Кітапхана да солай. Тек оқырмандарға қызмет етіп қана қоймай, көптеген мәдени іс-шара, жоғары деңгейдегі ғылыми конференциялар, оқырмандарға арналған әртүрлі заманауи курстар өткізеді. Сондықтан қазір бұл салада еңбек еткісі келетін маманға да қойылатын талаптар жетіп артылады.
Өркениетті елдер қатарында тұру үшін қай мемлекеттің де экономикалық, әлеуметтік саласынан бөлек, мәдени деңгейі де назардан тыс қалмауы керек. Ал халықтың мәдени дамуында кітапхананың алатын орны орасан зор. Президент Жолдауында айтылған еңбекақыны өсіру мәселесі мардымсыз жалақыға маңдай терін төгіп жүрген әрбір кітапханашы үшін үлкен қолдау, демеу болары анық.
https://egemen.kz