Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – жаңғыру жолы

Жолдау – жаңғыру жолы

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады.Онда халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелердің түйіні тарқатылды.

Жолдау бес бағыттан тұрады. Менің көңілімнен шыққан 4-бағыт әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі болды. Бұл бөлімде Президент медициналық қызмет көрсетудің сапасына ерекше мән берді. Қашанда адамның ең басты байлығы денінің саулығы екені рас. Қоғамда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бұған қоса Қ.Тоқаевтың әлеуметтік мәселеге, оның ішінде мүгедек балаларды емдетуге ерекше көңіл бөлгендігі куантты. Бұл көптеген аналардың кеудесіне үміт отын жағып, сенімдерін оятып, қуанышына айналды деп ойлаймын.
Құжатта көрсетілген тағы бір маңызды мәселе – мәдениет қызметкерлерін қолдау. Елдің тарихын, тарихи мұраларын сақтап, насихаттап, өскелең жас ұрпаққа жеткізумен айналысатын мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі зор болса да, біршама уақыттан бері тасада қалып, жеткілікті түрде еленбей келгені шындық. Бұл ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбеймегенін ескере отырып, осы сала мамандарының жалақысын 30-35 пайызға көбейтуге тапсырма берілді. Жағымды жаңалық көпшіліктің көңілінен шықты.
Жолдау өте мағыналы әрі өзекті болып, Қазақстандықтардың өміріндегі барлық маңызды салаларды қамтыды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауының соңында ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын, бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістіктерге жететіндігіне сенім білдіріп, елімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды.
Қазақ елінің патриот азаматы ретінде елімізді өркендету барысында архив саласында қызмет етіп, теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосып жүргенімді мақтан тұтамын.

Ақбота Бакирова,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Шиелі аудандық
филиалының архивисі

21 қаңтар 2020 ж. 465 0