Ұлт анасы – тіл
«Ұлттың қуаты – тілінде» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болса да, ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың болашағы құрдымға кететіні ащы ақиқат. «Ұлт анасы – тіл» деп тегін айтылмаған. «Сол себепті сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстан мемлекетінің нышаны – ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
Тіл – адам өміріндегі ең маңызды құралдардың бірі. Себебі, тілдің қолданыс аясы өте кең. Әрбір ел, әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, құрметтейді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы. Қазақ ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген. Бұл күндері тіл жанашыры, ұлт ұстазы саналған А.Байтұрсынұлының туған күнімен қатар тілдер мерекесі бірге тойлануы сол тілге деген құрмет. Тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.

Бүгінгі күні еліміз дамыған елдермен терезесі теңеліп, рухани жаңғыруға алған бағытында мемлекеттік тілдің мәртебесіне, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аса мән беріп келеді. 2011 жылдан бері «Тілдерді қолдану мен дамытудың арнайы бағдарламасы» қарқынды жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік органдарды құжат айнылым 100 процент қазақ тілінде жүргізілуде. Бүгінде қазақ тілі – татулығымыздың мызғымас тірегіне айналды десек те болады.
«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» деп жазушы Ә.Тәжібаев жырлағандай, Тәуелсіздігіміздің басты белгісі – ана тіліміз бен ұлттық мәдениетіміз ең асыл қазына, өшпес мұра екенін есімізден шығармайық. Тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреуіне, ана тілінің маңызы айрықша зор екенін ескере отырып, ана тілінің тереңдей дамуына әр азамат бар күш-жігерін салып, өскелең ұрпақ, жас буынға дұрыс бағыт, оң тәрбие беруге жұдырықтай жұмылуы керек.
Мақпал АХМЕТОВА