Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдейді

Ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдейді

Құжатқа сәйкес, 6 қыркүйектен бастап Ashyq жобасына қатысушалардың жұмыс күндері қызмет көрсету уақыты 22.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Ashyq көшбасшыларына түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Алматыда карантин талаптарын жеңілдетуге бағытталған санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты.
4 қыркүйектен бастап Алматыда демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушы нысандар 00.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 02.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы «жасыл» болуға тиіс. Бұл талап қонақүй, әуежай, вокзал, білім беру нысандары және т.б. мекемелерге қойылған. Талаптарды орындамаған нысандар Ashyq жобасынан шеттетіледі.

​https://kyzylorda-news.kz​​​
03 қыркүйек 2021 ж. 581 0