Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде дәстүрлі оқытуға рұқсат берді: Нұр-Сұлтандағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты

Мектептерде дәстүрлі оқытуға рұқсат берді: Нұр-Сұлтандағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты

Бұл ретте алдыңғы қаулының тармақтары өзгеріссіз қалды:
  • бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау талап етіледі.
Бұдан бөлек осы жылдың IV тоқсанында білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру тапсырылды.
- дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;
- білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар)  қоспағанда, олар үшін  оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарына жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыруға рұқсат берді.
Қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс  күндері қызметіне тыйым салынады.
Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.
10 сәуір 2021 ж. 370 0