Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойынқұмарларға комменданттық сағат енгізілді

Ойынқұмарларға комменданттық сағат енгізілді

Қытай билігі геймингті реттеу жөніндегі жаңа ережені қолданысқа енгізді: ендігі жерде кәмелет жасына толмағандарға аталмыш ереже талаптарына сәйкес түнде компьютерге телміріп ойын ойнауға тыйым салынады әрі күндіз қатаң шектеу қойылады. Қытай билігі осылайша кейде қайғылы жағдаймен аяқталатын интернетке тәуелділікті осындай қатаң шаралармен азайтуды көздеп отыр. Қытайдың аса ірі ойын алаңдары, соның ішінде Tencent онлайн-платформасы ел билігінің пәрменімен кәмелет жасына толмағандарға түнгі 22:00-ден таңғы 08:00-ге дейін ойын ойнауға тыйым салатын болды. Ал күндіз кәмелет жасына толмаған геймерлер 90 минуттан артық ойын ойнай алмайды. Тек демалыс күндерінде ғана 3 сағат ойнауға рұқсат етіледі.


08 қараша 2019 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031