Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызылорда автобус паркі»: Зейнеткерлердің жеңілдігі 5 бағыттағы автобустарға ғана жарамды

«Қызылорда автобус паркі»: Зейнеткерлердің жеңілдігі 5 бағыттағы автобустарға ғана жарамды

Пандемия салдарынан бүгінде Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын тасымалдаушылардың автобус саны азайды.
Арнайы шығарылған қаулыға сәйкес, аптаның жексенбі күні ғана қоғамдық көліктердің жүруі тоқтатылды. Сонымен қатар, зейнеткерлерге берілетін жеңілдіктер тек «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты 5 түрлі бағытта қатынайтын автобустарға ғана сақталды. Ал, жекеменшік тасымалдаушы қоғамдық көліктерден жеңілдіктер алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов мәлімдеді.
«Сондай-ақ, тасымалдаушылардың жалғыз табыс көзі жолаушылардан келіп түскен төлем екендігін ескере келе, қала тұрғындарын тасымалдауға кеткен шығынды ақтамауына байланысты көрсетілген кейбір бағыттарды әлеуметтік маңызы бар бағыттар деп танып, облыстық бюджеттен субсидиялауды қажет етеді. Осыған сәйкес, қала аумағы мен шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарға қоғамдық көлік тасымалымен тұрақты сапалы қызмет көрсету мақсатында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 5 бағытынан бөлек, жеке тасымалдаушылардың 6 бағытын субсидиялауға 526 млн 764 мың 238 теңгені қажет етеді», – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Айкөпешов.


https://kyzylorda-news.kz​​​


31 тамыз 2021 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930