ШҚО-да 86 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының 86 жастағы тұрғыны Асқар Иманшартов COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Қария өз қалауымен жергілікті емханаға барып, екпе салдырған екен.
Аякөз қаласының тұрғыны биыл 87-ге аяқ басады. Ол отбасымен бірге екпе қабылдағанын алға тартты.Жасым - 85-те. Ұлым, келіндерім - дәрігер. Осы уақытқа дейін үнемі түрлі дерттердің, тұмауға қарсы екпелерді де қабылдап келемін. Соның арқасында өзімді жақсы сезінемін. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін де алдым. Пункттегі дәрігерлер «Спутник V» екпесін еккендерін айтты. Біріншісінде аздап ауырлық байқалды. Бірақ екінші бөлігін алған соң өзімді жеңіл сезіндім, - дейді еңбек ардагері.Айта кететін жайт, еңбек ардагері елді алаңдатып отырған індетке қарсы сақтық шараларына өзінің азаматтық үлесін қосуға тырысқан. Тіпті балаларының «мүмкін вакцинаны салдырмай-ақ қоярсыз» дегеніне қарамастан, екпені қабылдаған көрінеді.
Отбасым бастапқыда вакцина алмай-ақ қоярсыз деді. Сол себепті газет-журнал сататын дүңгіршекке барып келемін деген желеумен ешкімге айтпастан І компонентті емханаға өзім барып салдырып келдім. Вакцина алу – өзім үшін ғана емес, отбасымның, айналамның саулығы үшін маңызды деп санаймын. Барлығы дәрігерлердің бақылауымен болды. Екпе салмастан бұрын қан қысымымды өлшеп, денсаулығымды тексерді, - деп ағынан жарылды ақсақал.Дәрігердің кеңесіне ғана құлақ асамын деген Асқар Иманшартұлы індетті жеңетінімізге сенім артады.
Еске сала кетейік, елімізде 2021 жылғы 14 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 044 062 адам вакцина салдырды, II компонентін 4 668 157 адам салды.https://baq.kz