Темір тұлпарлы болды
Жуырда кент орталығында орналасқан «Самғау» оқу орталығының ішінен «Amanat drive» бақытты отбасы бағдарламасының кеңсесі ашылған болатын. Әлеуметтік жобаның директоры Көңілбай Шүкенов барлық қазақстандықтардың көлік мініп, үйлі болуы үшін тиімді бағдарлама ұсынып отыр. Айта кетейік, Қазақстандағы «Асыл адам» қорының негізін қалаған қайырымды жан осы кезге дейін «Amanat drive» бақытты отбасы бағдарламасымен 320 көлік пен 40 баспана алуға мұрындық болған. Пайызсыз баспана мен көлік алудың жолын түсіндірген Шиелі ауданының тумасы Мөлдір Мейрамханқызы аудандағы алғашқы көлік иесін құттықтады.
Аудан тұрғыны Дана Нұрмышова аталған бағдарлама арқылы көлік алуға бекінеді. Себебі, 10 млн қаржы жинақтап, табу қиынға соғады. Алайда, «Amanat drive» бақытты отбасы бағдарламасы жайлы ақпар естіген соң, толық мәлімет іздестіреді. «Алғашқыда сенімім аз болды. Пайыссыз, әрі шарттары да тиімді екен. Бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізген адамдарды да көрдім. Соңында тәуекел етуге бел байладым. Келісімшартқа өткен жылдың соңында отырған болатынмын. Міне, бастапқы жарнаны жиып болған соң, 6 ай дегенде балама темір тұлпар алып бердім» – дейді ол.
Бұл күндері басына аядай ғана баспана алуды армандап жүргендер қаншама. Ескі, мейлі тар болса да «өз үйім – өлең төсегім» деп аяғын кеңге созуды кім қаламасын? Ал, азын-аулақ жиған тергенін алаяқтардың алақанына салып беруден қорқа соқтайтынымыз да бар. Сондықтан болар, маңдай тер табысын аманат қорына аманаттауға тәуекел етуде ерлік. Редакцияға көрші орналасқан ғимараттағы қуанышты көріп, бағдарламаның шарттарын түсіндірген кәсіпкер М.Мейрамханқызы шиеліліктердің баспаналы болғанын қалайтынын жеткізді. Толық ақпараттар беріп, келісімшарттың мән-жайын түсіндірді.
Г.ӘБДІХАНИ