Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мойынқұмдықтар Қызылорда облысына 1 вагон шөп жіберді

Мойынқұмдықтар Қызылорда облысына 1 вагон шөп жіберді

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан Қызылорда облысына 1000 тең шөп жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаевтың қолдауымен және Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиевтің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Сексеуіл ауылына 1 вагон (1000 тең) шөп жөнелтілді. Бұл ілкімді іске ерекше атсалысқан Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылының «Мақпал» шаруа қожалығының жетекшісі Нұржан Байұзақов пен «Айтжан» шаруа қожалығының жетекшісі Жарас Саулебаевтың еңбектерінің көп екенін айта кеткен жөн. «Мойынқұм – шөбі шүйгін, тастай салған таяғы тамырланған тал боп өсетін топырағы құнарлы нағыз шөптің отаны деуге болады. Асан қайғы бабамыздың «…Жеті жыл қатарынан жұт келсе де аша тұяқ мал қалса сенің бауырыңда қалады екен» деп жоғары баға беруіде сондықтан болар. Қазір елімізде болып жатқан қуаңшылықта «малым жанымның садағасы» деп мал азығы үшін жанын шүберекке түйіп, шөптен таршылық көріп отырған аймақтар қатары азаяр емес. Оларға Үкіметтің және жаны жомарт жеке кәсіпкерлердің қолдауымен республикамыздың түкпір-түкпірінен көптеген көмектер көрсетілуде. Бұл тұрғыда қашанда қайырымды істің қатарынан қалмайтын мойынқұмдықтар да белсенділік танытуда», - дейді аудан әкімі.
https://www.inform.kz​​​
13 тамыз 2021 ж. 433 0