Қамданғанның қамбасы ортаймайды
Ауыл шаруашылығы – елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыратын, сондай-ақ ауылдық жерлердің еңбек потенциалын, халық шоғырын арттыратын экономиканың бірден-бір секторы. Бұл тұрғыда Қазақстанның агрокешендік перспективасы өте зор. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде бұл саланы ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Керісінше, ауыл шаруашылық саласының ауқымын арттыра түсуді көздеп отыр. Осы орайда аудандағы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбековпен сұқбаттасқан едік...
– Елдегі ахуал еңсені басып-ақ тұр. Дегенмен, жұмыстың жүйеленуі инвестицияға байланысты екені даусыз. Көрсеткіш көңіл көншітеді ме?
– Иә, жұқпалы індет тарағалы жұрттың да мазасы қашты. Ең бастысы халықтың саулығы. Бас аман болса, жұмыс та жүреді. Ауданда 2021 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 5 015,5 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7%-ке артты. Ал, ауыл шаруашылығы саласының негізгі қорына 6 019 млн теңге инвестиция салынды.
– Биыл да су тапшылығы болғанынан хабардармыз. Егін шаруашылығы бойынша есебіміз түгел ме?
– Биылғы жылы 30189,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: күздік бидай 2034 га, жаздық бидай 655 га, арпа 20 га, тары 150 га, дән жүгері 60 га, сүрлем жүгері 50 га, мақсары 992 га, соя 70 га, жаңа жоңышқа 3467 га, ескі жоңышқа 5 448 га, мал жемдік асқабақ 155 га, сондай ақ картоп 1166,6 га, көкөніс 1570,9 га және 2312 га бақша дақылдары егілді. Ал, негізгі дақыл күріштің үлесі 12 039 га.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы егін шаруашылығында су тапшылығының орын алуы шаруашылық құрылымдары үшін оңай болмады. Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, ауданда су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалынған. Атап айтқанда, су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 100%, ішкі шаруашылық каналдарда 100%, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу ішкі шаруашылық каналдарда 100%, насос қондырғыларын жөндеу 100% және 4 130 гектар шабындық жерлер суарылды.
Биылғы жылы 0-2 және Р-12 каналындарын қазу жұмыстары аяқталды. Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілетін су тапшылығы болжамын назарға ала отырып «Шиелісушар» өндірістік учаскесіне сағадан 539 млн м³, ал таза егіске 444 млн м³ қана лимит берілді. Былтыр сағадан 641 млн м³, егіске 530 млн м³ су берілген еді. Салыстырмалы түрде биылға су көлемі 16%-ға аз болды. Осы бөлінген лимит негізінде аудан егіске су алды. Көкөніс бақша дақылдарының 95 гектары суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен егілді.
Биыл Сырдария өзенінің Шиелі ауданы тұсындағы су деңгейі 158,36-ге тең. Қазіргі таңда егіс көлеміне беріліп отырған су көлемі 60 куб. Аудандық әкімшілік, ауыл шаруашылығы бөлімі және су шаруашылығы тарапынан биылғы жылы болжамды су тапшылығы туралы шаруашылық құрылымдарына және ауыл округі әкімдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізген болатын.
– Қуаңшылықтың салдарынан көк шықпай, төрт түлігі қырылған өңірлердегі өзекті мәселе мал азығының аздығы. Аудан тұрғындары шөптен тапшылық көрмейді ме?
– Бүгінде көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталып, жоңышқа шөбін ору жұмыстары жүруде. Биылғы жылға мал басына қажетті мал азығы қорын жасақтау мақсатында 125 мың тонна шөп, оның ішінде 85 мың тонна табиғи шөп, 40 мың тонна жоңышқа шөбі, 28 мың тонна сабан, 540 тонна сүрлем дайындау жоспарлануда. Осыған сәйкес бүгінде 25 240 тонна жоңышқа шөбі дайындалды. Ауылдық округте орналасқан шаруа қожалықтар бірінші орымнан шөп тарқатып, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

– Өзге аймақтардағы қуаңшылықтың салдары мал шаруашылығына әсерін тигізбеді ме?
– «Малым жанымның садақасы» деген қазақ халқы үшін бұл оңайға тимейді, әрине. Қорадағы малың аман тұрса, көңілге демеу. Төрт түлігі күйсейтін көк таппағанда ірі қараның бағасы да құбылып кеткені рас. Дегенмен аудандағы ахуал тұрақты.

Аудан бойынша 2021 жылдың 1шілдедегі барлық төрт түлік мал саны: ірі қара – 74 195 бас, қой мен ешкі –121 339 бас, түйе – 1 630 бас, жылқы – 21 745 бас, құс – 31 943 басты құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 116%-ке, қой мен ешкі 117,6%-ке, түйе 108%-ке, жылқы 115%-ке өсті. Төрт түлік малдан өндірілген өнімдер 2 517,7 тонна ет, 9 189,3 тонна сүт, 1 299,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
– Шиелілік өнімдер экспортқа шықты ма?
– Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті артып келеді. Өткен жылы 120 тонна Ақ күріш, 850 тонна қарбыз, 1005 тонна қауын және 351 тонна қызанақ дақылдары Ресей және Қырғызстан елдеріне экспортталса, ағымдағы жылы ақпан-сәуір айында 365 тонна ақ күріш Қырғызстан Республикасына, 67 тонна күріш Маңғолияға экспортталды.

– 6 айды артта қалдырдық. Енді бір 6 айда жыл бітеді. Биылғы жылдың еншісінен қандай жаңалық күтеміз?
– 2021 жылға үлкен жоспарлар бар. Бұйырса алдағы уақытта «Тіn oris» ЖШС-гі 10000 га жоңышқа егу және жем шығару зауытын ашу жоспарлануда. Жобалық құны 26,8 евроны құрайтын жем шығару зауытын ашу үшін Телікөл каналы екінші көпір маңынан 10 000 гектар жер берілді. Сондай-ақ, «Караганды Агро Инвест-Т» ЖШС-ның жобалық құны 60 млрд 500 млн теңгені құрайтын «Ауылшаруашылық кешенін құру», бақша дақылдарын өңдеу, балық асырау, өңдеу фермасы, логистикалық комплекс жобасы аясында Жуантөбе ауылдық округінен 30 гектар жер берілуде. Кешен жобасы іске асқан жағдайда 15 мың тонна көкөніс дақылдарын сақтауға арналған қойма, шырын өндірісі, көкөніс кептіру т.б ауыл шаруашылық дақылдары өңделетін болады.
Биылғы жылдың күз айында «Ақмая» шаруа қожалығында күріш ақтау шағын зауыты іске қосылады деп күтілуде. Жобалық құны 68 млн теңгені құрайтын күріш ақтау кәсіпорны іске қосылғанда тәулігіне 56 тонна күріш ақталатын болады.
– Жақсы жаңалықпен қайта қауышатын күн тусын. Ісіңізге сәттілік тілейміз! Сұқбаттасқаныңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ