Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 74 адам қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында өткен тәулікте 74 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады.
23 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 6119 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2427 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 64 адам коронавирустың құрбаны болған. Қазір 71 221 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 1 258 адамның жағдайы ауыр, 274 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 166 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 233 адамға пневмония диагнозы қойылып, 10 науқас көз жұмды. Тағы 105 пациент емделіп шыққан.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақитау министрлігі ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. 23 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Түркістан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы орналасқан.
https://kaz.nur.kz