Фото өнер деген бір сиқыр...
Фотография – хас өнердің өзі. Фотоаппарат ұстағанның бәрі фотограф емесі анық. Онда тек құр кескін емес, сөйлеп тұрған бейне болуы шарт. Бұл өнердің өте жоғары бағаланатыны соншалық, 3 бірдей мерекелі дата бар екен. 12 шілде – фотографтар күні болса, 19 тамыз – фотография, 5 қараша – ескі фотографияларды қарау күні деп белгіленген.Расында, фотография – өміршең өнер. Қатпарлы тарих керуенінің қас-қағым сәттерін әсем суреттеп, келешек ұрпаққа жеткізген ғылымның ғажап жетістігі деуге болады. Қылқалам шебері Леонардо до Винчи кезінен негізі қаланып, 1800 жылы британдық Гэмфри Дэви мен Томас Веджвудтардың тәжірибелік жетілдіруінен өтіп, 1839 жылы Луи Дагер дейтін өнертапқыштың үздіксіз ізденісінің арқасында фотография өнері жарқырай түсіп, бүгінде қоғамның келбеті мен тыныс-тіршілігін айқындайтын маңызды бағытына айналды.
Шиелінің тарихын таспаға басқан
Фотография жайлы сөз қозғай қалсақ, Шиелінің тарихын таспаға басып, үлкен мұрағат қалдырған Сайдхасан Хутаевты алдымен тілге тиек етеміз. Қазақ фотоөнерінің қыр-сырын меңгерген, фотошежіреші, өзіндік қолтаңбасы бар «Өскен өңір» газетінде фототілші қызметін атқарған оның есімі халыққа етене таныс. Фотоөнердің құдіреті қай заманда болмасын, қоғам назарынан қалыс қалған емес. Бұл саланың рухты болуы мықты мамандарымен айшықты. Осындай тұлғалардың бірі – С.Хутаев 1938 жылы дүниеге келген. 1944-1954 жылдар аралығында «Екпінді» теміржол бекетіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп, Қарағанды қаласында ФЗУ-да үш жыл оқып, ағаш ұстасы, сағат жөндеуші, суретке түсіруші мамандықтарын игерген. 1959-1963 жылдары ДОСААФ-та нұсқаушы, 1963 жылы тұрмыс қажетін өтеу комбинатында суретке түсіруші қызметтерін атқарды. Ал, 1967 жылдан бері Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде фототілші қызметінде болып, ұзақ жыл абыройлы қызмет етті. Шежірелі Шиелі тарихына ерекше қабілетімен енген С.Хутаевтың суреттері көп зерттеуді қажет етеді.

Бүгінгінің Сайдхасан Хутаевы
Жалпы, шығармашылық өнер адамына тән негізгі қасиет – жан тазалығы. Жаны таза адам айналасынан сұлулық, әдемілік, тазалық іздейді, әділетсіздік пен жалғандыққа төзбейді. Сұлулықты «шырт» еткізіп, кадрға сақтай қоятын фотографтың бірі – Бақытжан Бәйімбет. Ол аудандық басылымда Әшім Молдақараевтан кейін фототілші қызметін қолға алған. Бүгінгінің «Сайдхасан Хутаевы» атанған әріптесіміз, 15 жылдан бері «Өскен өңір» газетінде фото тілші қызметін атқарып келеді. Айтулы мереке, ауданның белгілі азаматтарын, ел басқарған басшыларын, даңқты еңбеккерлерін фото мұрағатына жинақтап жүрген Б.Бәйімбеттің еңбегі өлшеусіз. Фото өнердің қыр-сырына қаныққан ол шыңдалған фотограф. Тосыннан түсірген суреті бір бөлек, қоғамдағы көзге көріне бермейтін мәселелерді де бір фотоға сыйғызып, газет бетінде жарияланып жүр.

Бізде «қалыпқа сыймайтын адам» деген түсінік бар. Ол – айналасындағыларға ұқсамайтын, тұрмысы да, түсінігі де бөлектеу жан. Оның ерекшелігі сырт көзге оғаш көрінуі мүмкін, бірақ өзіне ыңғайлы. Ол – еркін әрі ерек. Мұндай адамдар қарапайым дүниеден ерекше туынды шығаратын шығармашылыққа бейім келеді. Сол секілді бүгінгі кейіпкеріміз де ауданда фотография саласында 23 жылдан бері табан аудармай жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер. 1980 жылдың 10-ші қазанында дүние есігін ашқан Ерлан Жұмағұлдың есім-сойын халық жақсы таниды. Бала күнінен сурет әлеміне аңсары ауған кәсіпкер 11-сынып оқып жүргенде-ақ фотографтардың жұмысына қызығып, фотоға түсіруге әуестенеді. Мектеп қабырғасында жүріп фотограф болуды армандаған жас жігітті ең алғаш әкесі аудан орталығындағы фото салонға ертіп барып, Ережеп ағасына шәкірт етеді. Осылайша, бұл жұмыстың қыр-сырына қанық болған жігіт ағасы ең алғаш кәсіби түрде 1998 жылы іске кіріседі. Табиғаттың тылсым дүниелерін, жан-жануарларды суретке түсіріп бастаған ол, бүгінгі таңда той-томалақ, өмірдегі қуанышты сәттерді таспалап, альбом жасап, естелік суреттер шығарумен айналысады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ