Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АШМ Ақтөбе облысындағы шегірткенің пайда болу жағдайына түсініктеме берді

АШМ Ақтөбе облысындағы шегірткенің пайда болу жағдайына түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Басқұдық, Жабасақ, Сарат, Ақтасты, Ақкөл және Құмкұдық ауылдық округтерінің аумағында шегірткенің итальяндық прус түрімен күрес бойынша фитосанитариялық қорғау шаралары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешініндегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Бұл жұмыстарға 9 бірлік техника, оның ішінде екі газ генераторы, бір ұшақ және 6 жер үсті бүріккіштері жұмылдырылды. Өңдеу уақтылы, ғылыми негізделген мерзімде басталды. Мамандар химиялық өңдеудің максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін шегірткелер белсенді емес күйде болған кезде кешкі және таңертеңгі уақытта жүргізілетінін айтады.
Сондай-ақ, Комитетте инсектицидтердің барлық қажетті көлемі аймаққа уақтылы жеткізілгенін, химиялық өңдеу қызметтерін атқаратындармен алдын-ала келісімшарттар жасалғанын атап өтті. Әйтеке би ауданының аумағында "Энжио", "Локустин", "Зеленый Барьер", "Гринголд", "Вантэкс" және "Ципрофен"препараттарымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің ақпараты бойынша ағымдағы жылы Ақтөбе облысында үйірлі шегірткелердің 70,39 мың гектарға таралуы мүмкін деген болжам бар. Ал жалпы республика бойынша зиянкестердің 640 мың гектардан асатын алаңға таралуы мүмкін деп болжанып отыр.
Пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері барлық болжамды алаңға сатып алынды. Сонымен қатар, 223 мың гектарға жететін пестицид қоры бар.
Үйірлі шегірткелерді тиімді өңдеу үшін пестицидтердің түрлі топтарының препараттары сатып алынды.  Бұл бағыт бойынша облыс әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істеу жүйесі әзірленді. Қазіргі уақытта облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды, сондай-ақ мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілді.
Өңдеуге арнайы бүріккіш 183 техника (150 жерүсті бүріккіші, 12 ұшақ, аса жеңіл авиацияның 13 кемесі және 8 аэрозольді газ генераторы) тартылатын болады.
Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 38,4 млн гектар жер зерттеледі. Осы жұмысты жүргізу үшін 524 автокөлік пен 1230 тексеруші тартылады.
Республиканың Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды. Ал, Ақтөбе облысында итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.
        Үйірлі шегіртке қарсы күрес бойынша жағдай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында. 
 
https://baq.kz/
26 маусым 2021 ж. 249 0