Қашықтан оқудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Елдегі төтенше жағдайға байланысты жыл бойына онлайн форматта оқуға мәжбүр болдық. Қатаң карантиндік талаптарға қарамастан білім беру жүйесі өз жұмысын тоқтатқан емес. Заман талабына сай түрлі сандық технологиялар мен цифрлық бағдарламалар ойлап табылып, оқытушы мен шәкірт арасындағы сенімді байланысқа сызат түсірмеді. Университет табалдырығында оқып жүрген студент ретінде қашықтан оқу жүйесінің біраз артық-кемшін тұстарын байқадым. Өз тәжірибиемнен өткендіктен ұтымды-ұтымсыз тұстарын бірге саралап көрелік.
Артықшылығы
Кез келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын студент семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін берді.
Өз қалауыңыз бойынша білім алу
Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы – аралық және қорытынды аттестациядан сәтті өтуге мүмкіндігіңіз бар.

Кез келген жерде білім алу
Студенттер үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде ғаламторға қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын оқу ордасына бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, қол жетімсіз жерлерде тұратын, бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар үшін белгілі бір қосымша болып табылады.

Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу
Сіз жоғары білімді қашықтан бір уақытта немесе бірнеше курста оқи аласыз. Ол үшін негізгі жұмыс орнында демалыс алу, іс-сапарларға шығу міндетті емес. Компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін корпоративті оқытуды (біліктілікті арттыру) ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бар. Бұл жағдайда оқу еңбек өтіліне кедергі келтірмейді және меңгерген сұрақтарды бірден жұмыста қолдануға болады.

Оқудың жоғары нәтижелері
Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары деп баға берді. Қашықтықтан білім алушы ретінде біз оқу материалдарының көпшілігін өз бетімізше оқып, іздендік. Бұл әдіс тақырыптарды есте сақтау дағдысын жақсартып, білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу мүмкіншіліктерін сыйлады. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оқу барысын одан әрі қызықты ете түскені тағы бар.

Мобильділік
Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы тәрбиешімен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.
Қашықтан оқыту арзан
Егер бір мамандық бойынша оқуды коммерциялық негізде жеке және қашықтан салыстыратын болсақ, онда екінші арзан болады. Студентке жол жүру, тұру ақысын төлеудің қажеті жоқ, ал шетелдік ЖОО-да виза мен төлқұжатқа ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

Жайлы жағдайда оқу
Қашықтықтан білім алушылардың аралық аттестациясы on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан студенттерде оқытушылармен тест және емтихандарда кездесуде алаңдауға негіз жоқ. Субъективті бағалау мүмкіндігі жоққа шығарылады: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйе оқушының басқа пәндердегі үлгеріміне, оның әлеуметтік мәртебесіне және басқа факторларға әсер етпейді.

Кемшіліктері
Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.
Күшті мотивация қажет
Қашықтан білім алушы студент барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз.
Қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.
Практикалық білімнің болмауы
Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықта қиынға түседі екен. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.

Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі
Негізінен, оқытушылар құрамының аға буынынан қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындады.

Шалғай өңірлердің қашықтығы
Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқтығы біраз қиындық туғызғаны рас.

Дегенмен де,ең басты байлық – денсаулық. Санитарлық талаптарды сақтай отырып біз онлайн оқыту жүйесі арқылы жүйелі оқып қана қоймай, жақындарымыздың қадірін түсіндік. Оқушы ізденісі артып, өз бетінше ақпар табуға дағдыландық. Оқып жүрген студенттер, магистрант, оқушылар бәрі бос уақыттарын отбасымен өткізу мүмкіндігін алды. Бұл жетістіктердің бәрі ел экономикасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Қиын қыстау уақытта ел қамын жасап, қол жетімді шешімдер қабылдағанына біз қуаныштымыз. Білім алып, ғылымға ұмтылу жасқа да, әлеуметтік жағдайына да, ұлтына да, тіпті білімнің қандай форматта болғанына қарамастан, яғни ол онлайн ба, әлде оффлайн ба, маңызды емес, білімге құштар жандар өз мүмкіндіктерін жібермейді.
Арайлым Өтепова