Ана тілімізді білу құрмет пе, міндет пе?
Қазір әлеуметтік желі яғни, инстаграм, ватсап, фейсбук, твиттер желілерінде сөйлесе қалсақ «барадшарм, келетшарм, болад, бітед, көред ....» деген сияқты сөздермен тілдесіп, хат-хабар алмасып жатамыз. Бұл бізге қалыпты жағдай болып кеткен. Осылайша, Ахмет Байтұрсынов атамыздың енгізіп берген қазақ тіліміздегі етістікті дұрыс қолданбайтын болдық.
Негізі «Баратын шығармыз, келетін шығар, болады, бітеді, көреді» деп сөйлесуіміз керек. Нұр-сұлтан қаласында оқу бітіріп, балаларды дамыту орталығында жұмыс істедім. Мектеп жасындағы балаларға көмектесіп қосымша жұмыс жасап, үйрету барысында кішкентайлардың «мен барад (мен барамын), мен жақсы көред (мені жақсы көреді немесе мен жақсы көремін), мен кітап (менің кітабым)» деп сөйлейтінін байқадым. Сөздің жұрнағы мен жалғауын жалғамайды, тілі де оны айтуға келмейді. Себебі, үйдегі ата-ана, араласатын достары, ортасы орысша сөйлеседі, қолындағы смартфон арқылы орысша және ағылшын тіліндегі мультфильмдерді көреді. Сондықтан, баланың тілі қазақ тіліне шорқақ болады. Бұл тек балаларға ғана қатысты дүние емес... Мұны айтқым келгені, баланы тал бесіктен тәрбиелесек, ана тілін білсе, таза сөйлейтін болашақ атқамінерлер көп болар еді. Үлкендердің орыс тілінде сөйлесіп, қарым-қатынас құруы кішкентайларға да үлгі екенін алдымен өзіміз ұғынуымыз керек. Осы арқылы болашақ ұрпақтың ана тілімізге деген құрметі артады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында халыққа жолдаған үндеуінде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қазақ тілін білсін деп нұсқау берді. Кеше ғана өзінің сөзінде ел Президенті: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндетті деп те айтуға болады. Осы орайда, мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек», – деді.
Біз әуелі өз ана тілімізде сөйлеп, грамматикасын шемішкеше шағып тұруымыз керек. Солай жасау арқылы біз қара шаңырағымызда қоныстанып, тіршілік етіп жатқан өзге ұлт өкілдеріне үлгі боламыз.
Махаббат Мұхамедиярова