Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында 480 шақырымнан астам жол желісі жаңартылуда

Түркістан облысында 480 шақырымнан астам жол желісі жаңартылуда

Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 485,7 шақырым болатын 39 автожол жобасы жүзеге асырылмақ. Мәселен, өңірде Кентау шаһарынан Түркістан қаласына барар 24 шақырым жол реконструкцияланбақ. Бұдан бөлек, жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша тағы 38 жоба қамтылған.  Жыл қорытындысы бойынша жолшылар 326,7 шақырым жолды пайдалануға береді. Осылайша 2021 жылдың соңына қарай жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайының үлесі 87%-ті құрайтын болады. Айта кетейік, Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 725 км құрайды, оның 100%-і нормативтік жағдайда.

​https://24.kz​​​
14 маусым 2021 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031