Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шыққаны туралы тұжырымға баға берді

ДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шыққаны туралы тұжырымға баға берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шығып кетуін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол G7 көшбасшыларының саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.
Ұлыбританиялық Daily Mail таблоидының мәліметінше, Гебрейесус әлемде кем дегенде 174 миллион адамның коронавирусты жұқтырып, 3,75 миллион адамның қаза болғанын мәлімдеген.
«Менің ойымша, бұл адамдарға лайықты құрмет – вирустың шығу тегі туралы біліп, оның қайталануын болдырмау», – деп келтірді басылым Гебрейесустың сөзін.
Таблоидтың хабарлауынша, ДСҰ басшысы коронавирустың зертханадан шығып кету мүмкіндігі туралы сұраққа «барлық гипотеза ашық болуы керек» деп жауап берген. Гебрейесус коронавирустың шығу тегі туралы тергеудің бастапқы кезеңінде Қытайда «ашықтық пен ынтымақтастықтың» жеткілікті деңгейі көрсетілмеген деп қосты.
Айта кетейік, G7 саммиті Англияның оңтүстігіндегі Корнуоллда 11-13 маусым аралығында өтіп жатыр.
Жақында БАҚ-тағы жарияланымдар мен вирустың зертханалық шығу тегі туралы батыс елдерінің мәлімдемелері қайта шыға бастады. Ақ үй релиз шығарды, оған сәйкес, коронавирустың ғылыми зертханадағы апатқа байланысты таралу нұсқасы әлі алынып тасталмаған. АҚШ барлау қауымдастығында вирустың шығуына қатысты екі түрлі нұсқа бар – адамға жануардан жұққан және зертханадан шыққан. Times газеті дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазір Ұлыбритания барлау қызметінің SARS-CoV-2 коронавирусының зертханадан шығып кетуін «мүмкін» деп санайтынын хабарлады.
Осы жарияланымдарға түсініктеме бере отырып, Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь COVID-19-дың шығу тегін анықтаумен арнайы қызмет емес, ғалымдар айналысу керегін айтқан.
13 маусым 2021 ж. 333 0