Үндістанда ауылдық жерге вирустың таралуы күшейді
Әлемде коронавирустан денсаулық сақтау саласының 115 мың қызметкері көз жұмған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Женевада ашылған халықаралық ассамблея барысында мәлім етті. Айтуынша, бұл әлі толық мәлімет емес. Және көп елде дәрігерлердің жағдайы әлі күнге дейін жақсара қоймаған дейді. Ұйым басшысы сондай-ақ әр мемлекетті қыркүйек айына дейін халқының 10 процентін, ал жыл соңына дейін 30 процентін вакциналауға шақырды. Себебі биыл жыл басынан вирусты жұқтыру өткен жылғы көрсеткішке жеткен. Айта кетейік, әлемде қазірге дейін коронавирусты 166 миллионнан аса адам жұқтырған. Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры: - Коронавирус індетінің таралуына халықаралық ынтымақтастық пен өзара байланыстың жоқтығы әсер етті. Мәліметтермен, технологиямен, ресурстармен өзара алмасу жетіспеді. Біз бұл олқылықты тек мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастықты орнату арқылы жоя аламыз. Ал індет өршіп тұрған Үндістан қалаларында жағдай өзгеріп, енді бұл елдің ауылды жерлерінде вирустың таралуы күшейген. Салдарынан шалғай мекендерде ауруханалардың жоқтығы мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен жағдай қиындаған. - Коронавирус бәріміздің қолымызды байлап қойды. Тіпті жұмыс істеуден қалдық. - Ауруханаларда бос орын жоқ, оттегі жетіспейді. Ауылдағы адамдарға да қиын болды. Тиісті деңгейде көмек ала алмай жатыр.
https://24.kz
https://24.kz