Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, жел күшейе түседі

Қазақстанда алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, жел күшейе түседі

Қазақстан Республикасы бойынша 2021 жылдың 10-12 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында күн салқындайды деп болжады. Жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде. 
“Баяу қозғалатын оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды, осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді”, – дейді синоптиктер. 

https://stan.kz

09 маусым 2021 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031