Қазақтың екі тілі бар

Ал, шын мәнінде, бүлдіршін, үлкеннің тілін түсінеді, ол да «бізше» сөйлеуге тырысады. «Әй-әй» дегені сол әдемі дегенді айтуға талпынысы еді. Ал, біз демеп жіберу орнына, бала қандай дыбыстар шығарса, соған ұқсатып сөйлей бастаймыз. Осылай көмектесіп жатырмыз, деп ойлаймыз. Шын мәнінде керісінше, тілінің тез шығуына кедергі келтіреміз. Ескендір Бестай деген азамат солай деп еді.
Сонымен, балаңыз уф-уф деп жүр. Су сұрап жүргенін түсіндіңіз. 2-3 күн уф-уф десе суын әперіп журесіз, бірақ бұл су деп ескертіп жүресіз. 4-ші күні тағы да уф-уф десе түсінбегендей болу керек. Не сұрап тұрсың, уф дегеннің не екенін білмеймін, дейсіз. Ол ым-ишарамен түсіндіре бастайды. «Су» деп айтуға талпынады. Қысқасы, баланың уф-уфын біздің форматтағы «Су» деген сөзге ауыстыруына қажеттілік тудыруымыз керек, осылай. Яғни, біз сатылап баланы жоғарылатамыз. Сөйтіп біздің өзіміздің тілге алып келеміз. Бала осы кезде ғана үлкен адамдарша сөйлей бастайды. Мұны ғылымда «сөзді күтіп алу» тәсілі дейді екен.
Дайындаған: Рамазан Бектұрғанұлы