Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » баланың тілі неге кеш шығады?

баланың тілі неге кеш шығады?

Автовокзалға келіп, жұмысқа қарай бағыт алу
үшін, 25 микро автобусқа отырдық. Әрбір 15 ми-
нут сайын жүретін көлікте адамдар жайғасып
отырып алған. Орта жағына барып, жанында
екі баласы бар келіншектің қасына жайғастым.
Сағатқа қарасам жүруіне әлі 10 минут уақыт
бар екен. Со дан әлгі келіншекті әңгімеге тар-
тып, «таң атпай балаларды қайда апарасыз?»
деп төтесінен сұрақ қойдық. Жасы 30-да болса да
төрт баланың анасы екенін, үлкені осы егіздер
екенін айтты. Би ыл 1 сыныпқа барып жатқанын,
дұрыстап анықтап сөйлей алмағандықтан күнде
таңертең балаларын лого пед маманға апарып
қаратып жүргенін бүкпесіз айтып берді. Иә, «итің
жаман десе, намыстанатын қазақтың» тілі «қыл
үстінде» тұр. Ана тіліміздің алашұбарланғаны
өз алдына трагедия болса, балаларымыздың тілі
кеш шығып немесе дұрыс шықпай жатуының
астарына терең үңілу керек сияқты.
Бала тілінің кешеуілдеп шығуы тек ата-аналарды ғана
алаңдатып қоймай, дәрігерлер мен арнайы логопед мамандардың
да жіті назарын аударуда. Десе де, ата-аналар баласының тілінің
кеш шығуын біле тұра, мамандар көмегіне жүгінуге құлықсыз. Осын-
дай немқұрайлылықтан бала тілінің дамуы тежеледі дейді арнайы
логопед мамандар. Әлбетте, баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер
етіп, оны бұзатын себептер өте көп. Құрсақта жатқанда анасының
түрлі ауруларға ұшырауы, көп уақыт бойы емізік емген баланың
таңдайының дұрыс қалыптаспауы, қатты шошынудан тұтығу пайда
болуы секілді себептер тізіліп кете береді. Солардың ішінде баланың
тілінің кеш шығуына ата-ана тәрбиесі факторының рөлі зор. Мұны
біз емес, арнайы мамандар айтып отыр.
– Бала 1 жаста 10-15 сөзді айта алатын қабілетке ие болуы
қажет. Ал, бізде 3-4 жастан асып кетсе де, тілі шықпаған балаға
«ер баланың
тілі кеш шығады» немесе «еркелігі ғой» деп өз-өзімізді
алдап,
жұбатып жатамыз. Алайда, бұл дұрыс емес екен. Өйткені,
1 жаста 10-15 сөзді айта алатын бала 2 жаста 300-дей сөзді айтып,
ал, 3 жастан асқан кезінде еркін әңгімелесетін шамада болуы ке-
рек. Ата-ана бала бесікте жатқанда-ақ онымен сөйлесе білуі қажет.
Өйткені, сәби 5 айлығынан бастап үлкендердің артикуляциялық
әрекеттерін қайталай бастайды. Сол үшін де әжелеріміз балаға
бесік жырын айтып ұйықтатқан. Және бір мәселе – бүгінгінің бала-
лары ет жемейді, сүйек мүжімейді. Сүйек мүжудің тілдің шығуына
үлкен септігі бар. Бұл кезде ауыз қуысының бұлшық еттері ширап,
баланың артикуляциясы жаттығады. Келесі себеп – баламен орысша
араластырып сөйлесу. Мұндай жағдайда енді ғана тіл меңгеріп келе
жатқан бала ұқсас әріптерді айыра алмай қиналады. Мәселен, «к»
мен «қ», «н» мен «ң» секілді. Сондықтан, осы айтылған жайттың
бәріне ата-ана назар аударып, балаға қатаң қадағалау жасауы
қажет, – дейді логопед Гүлназ Пірмахан.
Бастапқыда бала тек есту арқылы айналаны қабылдап,
сөйлемесе де өзінің түсініп жатқанын ым-ишарамен білдіреді. Сол
себепті, кішкентай кезінен тілді және тіл ерекшеліктерін айыра білу
қабілеті дамиды. Осы тұста бала тілінің кеш шығуына түрткі болатын
тағы бір жайт бар. Ол – бөтелке мен емізік. Бала өмірге келген-
нен кейін тыныш, жуас болады деп аузына емізік саламыз. Осылай
құр резеңкені баланың аузына салып, сақау, кекеш болуына өзіміз
ықпал етеміз. Бұрынғы ата-бабамыз емізіктің не екенін білмеді.
Оның орнына шақалақ сәл өскеннен кейін қойдың құйрығын
сорғызатын болған. Ол бір жағынан денсаулыққа пайдалы. Ал,
зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жаңа туған нәрестенің емізік
емуі мен саусағын соруы оның ақыл-есінің дамуына көмектеседі.
Алайда, емізікті ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Кемі бала алты
айдан асқан соң оны қолданудан бас тарту керек. Емізікті көп
емудің салдарынан баланың ауыз қуысының дәмі өзгеріп, дұрыс
тамақтануына зиян келтіреді. Алғашқы сүт тістері шыққан кез-
де жайсыздық туғызады. Емізікпен қатар балаға қосымша сұйық
тамақтарды бөтелкемен беріп оған да бой үйретеміз. Ақырында
бала ес білгенше бөтелкемен тамақ ішуді әдетке айналдырады.
Тіпті, кейде бала сұрақты көп қойып жатады. Ал, оған сабырлық
пен байыппен жауап берудің орнына дүрсе қоя беретініміз жасы-
рын емес. Балаға бала тілімен сөйлеп жатамыз. Мамандардың ай-
туынша, ата-ана баласына анық, түсінікті етіп жауап беруі керек.
Сонда бала сөзді дұрыс айта біледі. Сондықтан, бала тілі шыққанда
аса мән беріңіз. Тек уақыт өткізіп, қолыңызды мезгілінен кеш сер-
меп қалмасаңыз болғаны...
Түйін: Елімізде «үнсіз ұрпақ» дүниеге келмесін де-
сек, бала тәрбиесін басты назарға алып, әрбір сәтті құр
жібермеуге тырысайық. Бұдан бөлек қазаққа пайдасынан
гөрі зияны көп сыртқы факторлар да сан алуан. Деген-
мен де, өз еркіндігіміз өз еркімізде болғандықтан, мұқият
болайық. Бұл күнде мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары
саналғандықтан өзіміздің мақсат-мұратымызды жақсы
білсек керек. Ендеше, әрқайсысымыз баламыздың тіліне
аса сақтықпен қарауға тиіспіз.
Жұлдызай Но ғайбайқызы.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 760 0