СУДАН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП
Әр маусым өз ретімен келетіні табиғат заңдылығы. Жаз мезгілі бастау алғаннан суға шомылатындардың қатары көбейіп, демалысқа шыққан оқушылар мен студенттердің де су айдындарында шомылатыны белгілі. Әсіресе, аптап ыстықта салқын су айдындарында жүзу көңілің мен тәніңді сергітіп, достарыңмен көңіл көтеруде сәтті, ерекше күй сыйлайды. Алайда, көңіл көтереміз деп ережелерді естен шығармаған жөн. Су – тіршілік көзі болғанымен, оның қауіп келтіретін тұстары да бар. Каналдардың тереңдігі әр түрлі және су мөлшері де әрқалай. Бірінде тасып жатса, бірінде саяз және кейде ағыны қатты болады. Қатты ағын су кіші тұрмақ, үлкен адамды ала кетеді.
Ауру айтып келмейтіні секілді, қауіп те алдын ала ескертпейді. Жаз маусымында суға шомылу науқаны басталады. Су – тілсіз жау. Аяқ асты төтеннен келетін қауіп. Сондықтан, мән-жайды білмекке Шиелі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Мампаевпен тілдесуді жөн көрдік.
– Жаз мезгілінде тұрғындардың суға шомылуға жиі баратындары белгілі. Ауданда қанша су айдыны бар?
– Ауданда кент және ауылдарды қосқанда су айдындарына қатысты 33 қауіпті аймақ бар.

– Осы 33 су айдынына тұрғындар бармас үшін қандай шаралар қарастырылып жатыр?
– «Суға шомылуға тиым салынады» белгісімен 30 дана тақтайша, 5 көрнекі стендтер мен 12 дана бильбордтар орналастырылды және облыстық телеарна мен радиодан абай болсын деген мақсатта хабарландыру айтылды. Кент және ауылдық округтер, мекеме басшыларына 13 ұсыныс хаттар жолданып, білім беру, басқа да мекемелермен 10 онлайн сабақтар өткізілді. Су айдындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №13 Өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы, аудандық жастар ресурстық орталығынан 15 еріктілер жұмылдырылды.

– Ағымдағы жылдың наурыз айында орын алған кішкентай екі бүлдіршіннің Сүйіндік көлінен табылуы көпшіліктің көңіліне қаяу салды. Артынша апатты жағдай сәуір айында Байсын ауылынан тіркелді. Бұл дегеніміз түсіндірме жұмыстарының аздық еткенінен емес пе?
– Бұл өте өкінішті жағдай. Әйтсе де, бірінші кезекте балаға ата-ана жауапты. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Орын алған екі жағдайда қараусыз қалғаннан болып отыр. Түсіндірме жұмыстары онымен тоқтаған жоқ. 2021 жылдың суға түсу маусымы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында «Балаларды қараусыз қалдырмаңыз», «Апат айтып келмейді» және т.б. тақырыптарда 5 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бөлімнің қызметтік автокөлігінің дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы кент орталығындағы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда «Суға шомылу маусымы», «Суда шомылу барысындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыптарында 3 рет хабарламалар оқылды. Мұнымен қоса, 2021 жылдың 20 сәуір күні Шиелі аудандық «Индустриалды аграрлық коледжі» студенттері мен мұғалімдеріне жыл басынан орын алған судағы, мұздағы төтенше жағдайлар мен олардың туындау себептері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, алдағы суға түсу маусымы қарсаңында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ескертпе жұмыстары жүргізілді.

– Күн нұрланып, шуағын төгісімен тұрғындардың шомылуға баратыны белгілі. Бәрібір көзбен көргендей болмайды. Осы мақсатта 33 қауіпті уческілеріне барып, тексеріс жүргізілді ме?
– Иә, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.Қайрақбаевтың 2021 жылғы 05 сәуірдегі «2021 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» №65 бұйрығын басшылыққа ала отырып, кезекшіліктен бос өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен күнделікті 15:00-ден 21:00-ге дейін аудан көлеміндегі өзен, каналдарда кезекшілік ұйымдастыруда.

– Кезекшіліктен бөлек құтқару қызметі жұмыс жасай ма?
– Өкінішке қарай, ауданда құтқару қызметі жоқ. Бірақ осы сұрақ төңірегінде облысқа ұсыныс берген болатынбыз. Ұсыныс мақұлдана ма, жоқ па, беймәлім. Бастысы тұрғындар сақтық шарасына бағыну керек, ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмаса, тыйым салынған аймаққа бармаса екен.

Сұқбатыңызға рақмет!