Мәселені тәжірибемен тарқатқан
Ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орын тепкен киелі мекеннің негізгі шаруашылық көзі егін болды. Осыған орай, сонау жылдары жерлерді инженерлік жүйеге келтіру маңызды қадамның бірі еді. Дүре тимеген қазақ даласын суармалы егіндік етіп жүйеге келтіру жұмысы қарқынды жүріп жатты. Сол тұстағы мәліметтерге қарасақ, Қазақстанда 1,5 млн. гектар суармалы жер игеріліп, ұзындығы 100 мың шақырымға жететін канал мен қашыртқы қазылады. 500 мың инженерлік гидротехникалық нысан салынды. Соның нәтижесінде мақта, күріш, қант қызылшасы түгелдей өзімізде өндіріліп, шұрайлы жердің барлығына жеміс ағаштары отырғызылды. Техникалық дақылдардың 80 пайызы осы суармалы жерлерге орналасқан.
Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Қызылорда облысында күріш алқаптарын игеру ісі қолға алынды. Ирригациялық және мелиорациялық жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп, жүздеген мың гектар жер инженерлік жүйеге келтірілді, шаруашылық орталықтары салынып, жаңа инфрақұрылымдар іске қосыла бастады. Облыс экономикасындағы осынау бетбұрысты кезеңде әлеуметтік-мәдени сала да қарқынды дамыды десек артық болмас.
Бірақ, дәл осы тұстааудан көлеміндегі егістік жерлерді, бау-бақшаларды, аулаларды ыза су басып, жер сортаңданып, шаруалар еккен егіні мен шанышқан жеміс ағаштарына ыза судың кері әсері тиіп, диқандарға қолайсыз жағдай туғызды. Бұл мәселе сол кездегі аудан басшыларын біраз толғантып, кәдімгідей састырып тастаған еді.
Содан, 1976 жылы Одақтық «Главрисстрой» басқармасының басқарушысы Э.Гукасовтың бұйрығымен Шиелі кентінде арнайы құрылған «СПМК-9» құрылыс мекемесіне, Жетісайда орналасқан «Казголстепводстрой» тресінің басшысы А.Мұсабаевтың бұйрығы бойынша М.Жантөреев басшы болады. Ол кездің тәртібімен Қызылорда облысы партия комитетінің бірінші хатшысы И.Әбдікәрімовтың келісімін алып, Шиелі ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы О.Бәйімбетов пен аудандық атқару комитетінің председателі Ә.Исмаиловтардың алдынан өтіп, ақыл-кеңестерін тыңдайды. Басында бұл арнайы мекеме Қызылорда облысына жіберіледі. Аудан басшыларымен ақылдасқан М.Жантөреев жердің топырағының соры шығып, ыза басып жатқанына жаны ашып, мекемені Жетісайдан Шиеліге көшіріп әкеледі. Тарап кеткен «ПМК-59» мекемесінің ескі ғимаратын қалыпқа келтіріп, екінші қабатын көтеріп,
«СПМК-9» мекемесін құрады. Сөйтіп, «СПМК-9» мекемесі инженерлік жүйеге келтірілген тұзданған егістік жерлерді қайта қалпына келтіру үшін тік дренаждар орнату арқылы гидромелиоративтік әдістерді қолдана отырып, жұмыс жасай бастайды. Бас-аяғы 100-ге жуық дренажды құбырлар арқылы аудан көлеміндегі ыза сулар сорылып, қашыртқылармен өзен-көлдерге жіберіледі.
Бірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Шиелі ауданы бойынша депутаты болған Ш.Жәнібековпен аудан сайлаушыларының кездесуі өтеді. Осыған мұқият дайындалған М.Жантөреев Алматыдан келген мәртебелі депутат алдында сөз сөйлеп, Шиелі кентінің жағдайын айтып, республикалық бюджеттен қаражат сұрайды. Нәтижесінде аудан орталығына 9 тік дренаж салуға қаражат бөлініп, ол жұмысты «СПМК-9» ұжымы қолға алып, жер асты суларын төмендетуге қол жеткізеді. Осыдан кейін Шиелі тұрғындары жер учаскелерін пайдаланып, аулаларын көгерте бастайды. Жеміс ағаштары жайқала өсіп, балалар алма, жүзім, шие, өріктерді қорадан үзіп жейтін болды.
Ең алғашқы дренаж сол кездегі «Жеміс-жидек» (Алмалы) совхозының директоры М.Әбішевтің сұрауы бойынша гүлдеп тұрып, қурай бастаған алма бағына жасалады. Ілкімді істің арқасында сол жылы совхоз алманың астында қалады.
Облыс көлемінде 250-ден астам тік дренаж қазылып, оны пайдалану жұмыстары қоса атқарылып отырды. Қызылорда қаласының ішінен 5, Сырдария өзенінің қала жағын бойлай 24 скважина қазылып, олар ауызсу және жер асты суын төмендету үшін пайдаланып келді. Арал, Қазалы аудандары үшін ауыз сумен қамтамасыз ететін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының 8 скважинасын қазып, Аралға су беруді қамтамасыз етеді.
Осындай ауданның экономикалық хал-ақуалының алға жылжуында игі жұмыстар жасап, аудан ғана емес облыс көлемінде маңызды істердің басы-қасында болған осынау мекеме сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі тоқырау жылдарының тоғысында жұмысын тоқтатты.
Бүгінгі таңда да аудан көлеміндегі өзекті мәселелердің басында нақ осы ыза су тақырыбы тұр.
Бұл тұрғыда баспасөз құралдарынан аян, іс-шаралар жоспары да бекітілген. Осы ретте, жоғарыда мен әңгімеге арқау еткен мекеме мен М.Жантөрев сынды өз ісінің шебері болғаназаматтың тәжірибесі пайдаланылса және осы бағытта жұмыс жасайтын мекеме құрылып, жұмысы алға басса мәселенің түйіні тарқатылар еді.
Сәкен БӘКІРОВ.