Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 мамырға арналған ауа райы болжамы

14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте – тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.
Түркістан облысында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында да  күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 
Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Қызылорда облысының және Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады

​https://egemen.kz​​
14 мамыр 2021 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30