Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 мамыр. Ауа райы болжамы

13 мамыр. Ауа райы болжамы

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады; жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте – тұман, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – тұман бақыланып, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
https://www.inform.kz​​​
13 мамыр 2021 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031