Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Самал Еслямова "Айка" фильміндегі рөлі үшін тағы бір марапатқа ие болды

Самал Еслямова "Айка" фильміндегі рөлі үшін тағы бір марапатқа ие болды

Қазақстандық актриса Самал Еслямова "Айка" фильміндегі сомдаған рөлі үшін тағы бір марапатқа ие болды. Бұл жолы актриса "Ника" сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еслямова желідегі оқырмандарымен қуаныты хабарды бөлісті.
"Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін жүлдені фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды.  Ол құрметті адам, онсыз фильм сәл басқаша болар еді. Ол орындарды, әртістерді тапты. "Айка" фильміндегі әріптестеріме тағы да алғыс айтқым келеді", - деді Самал Еслямова.
 Айта кетейік, режиссер Сергей Дворцевтің драмалық "Айка" фильмі 2018 жылы экранға шықты. Фильм сол жылы 71-ші Канн халықаралық кинофестиваліне қатысып, Самал Еслямова "үздік әйел рөлі" үшін жүлдеге ие болды.
2018 жылы 10 қарашада "Айка" фильмі Котбуста (Германия) өткен 28-ші Халықаралық кинфестивальде Гран-приге ие болды. Кинокартина 190 фильм арасында үздік деп танылды. "Айка" Гран-приден өзге қазылар алқасының да марапатын алды.
2018 жылдың 26 қарашасында фильм Токио Filmex кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды.
2018 жылдың 17 желтоқсанында Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығына үміткерлердің шорт-парағына кірді. Драма Қазақстан атынан ұсынылды. 
Фильм 2019 жылдың 14 ақпанында ресейлік прокатқа шықты.
2019 жылы наурызда Гонконгта Азиялық киноакадемия/Asian Film Awards Academy Самал Еслямоваға "Айка" фильміндегі рөлі үшін "Азияның үздік актрисасы" — "Азиялық Оскар" жүлдесін табыс етті.
26 сәуір 2021 ж. 253 0