Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИММУНИТЕТІҢІЗ КҮШТІ БОЛСА, ІНДЕТ ЖОЛАМАЙДЫ

ИММУНИТЕТІҢІЗ КҮШТІ БОЛСА, ІНДЕТ ЖОЛАМАЙДЫ


Иә, күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус күн санап дендеп барады. Әлемді үрей билеп, адамзаттың барлығы үлкен қауіптің алдында тұрғаны белгілі.
Қалай десек те қауіпті індеттің бары рас. Онымен күрестің бір ғана жолы бар. Сақтану, иммунитет жүйесін сақтау, уақытылы ұйықтап, жүйелі қимылдау. Адамдардан қашық жүріп, вирустан сақтайтын бетперде тағу, медициналық қолғап кию, сырттан келгенде қолды жуып, тазалық шараларына ерекше көңіл бөлу. Иммунитеті күшті адамға коронавирус жұқса да ауыр белгісі шықпай, жеңіл дәреже өтеді. Сондықтан, дұрыс тамақтанып, денсаулыққа пайдалы азық-түлік, жеміс-жидек пайдаланған жөн. Айтпақшы, кей адамдар тойып тамақтануды иммунитетті көтерудің бір жолы деп ойлайды. Бұл әрине теріс пікір. Тойып тамақтану қуатты арттырмайды. Керісінше, денсаулыққа зиян болады. Тамақты, ас қорытудың өзіне зор қуат кетеді. Әл-қуаты бар тағамды өз уақытында мөлшермен ішсе, қуатыңыз артады. Енді біреулер, көп ұйықтасам иммунитет қалыпқа келеді деп ойлайды. Асылында олай емес. Көп ұйықтау да денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Шектен тыс ұйықтаған адамның қаны қоюланып, жағдайы нашарлауы әбден мүмкін. Қысқасы, әрекетіңіз көп болуы керек. Түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасап, күш қуатыңызды арттырып тұрғаныңыз абзал. Бұдан бөлек витаминдер топтамасын ішкен дұрыс. Бірақ, сақтанып жүрсе, көп адам шоғырланған жерге бармай, оқшауланса бұл мәселеден құтылуға болады.
Жұқпалы дертті жұқтырғандар саны күн санап қайта өсуде. Індет әсіресе иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға өте қауіпті. Өйткені, ағза әлсірегенде түрлі инфекцияны іліп алуға бейім келеді. Ал, денсаулығы мықты және басқа да созылмалы ауруы жоқ жандар бұл сырқаттан оңай айыға алады.
– Иммунитетті көтеру үшін неге мән беру керек, оның жолдары қандай?
– Иммунитет – адам денсаулығын сыртқы жағымсыз әсерден сақтап, бактерия, микроб, вирус сынды бөтен ағзалар мен инфекцияларға қарсыласатын ағзаның қорғаушы әрекеті. Адам ағзасы иммундық жүйенің мықтылығынан түрлі ауруларды жеңіп шығады. Көктемде ағзадағы дәрумендер таусылып авитаминоз болады. Былтырдан қалған көкөністерде дәрумен жоқ. Ол тек жаңадан шыққан көкөніс қиярда, қызанақта, аскөкте, болады. Сонымен қатар дәрумен В, С, Д яғни, детримакс 1000 мг куніне қабылдап тұру керек. Д дәрумені иммунитетті көтереді. Көптеген адамдарда осы дәрумендер жетіспейді. Соған байланысты Детримкас, Омега қабылдауға кеңес беріп жатырмыз – дейді, ауданның эндокринолог дәрігәрі Гүлнар Нәлтаева.
«Коронавирустың әзірге нақты емі жоқ екені бәрімізге түсінікті. Сондықтан, вирус жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Абзалы артық ойдан арылып, ағзамызды қалыпқа келтіру. Көктем келгенде адам ағзасы онсыз да әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет ететіні бесенеден белгілі. Мұндай кезде түрлі табиғи витаминге, минералдық заттарға бай және құрамында көп мөлшерде темірі бар тағамдарды тұтынуға болады. Әсіресе жылқы етін жеп, қымыз, шұбат, құрт сынды ұлттық тағамдарымызды тұтынған жөн. Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар да пайдалы. Құрамында Е витамині бар цитрустық жемістер, ананас, зімбір, лимонды пайдаланған да артықтық етпейді.
Қауіпті вирустың алдын аламын десеңіз, иммунитетіңіздің күшті болғанын қадағалаңыз. Иммунитеті күшті адамға, індет жоламайды.

Сымбат Серікқызы
24 сәуір 2021 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930