Күнә кешірілетін ай
Барша мұсылман қауымы үшін асыға күтетін, сауап артатын ай ол рамазан айы. Рамазан айы адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін ай. Қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.
Рамазан айындағы ерекше игі істердің бірі де бірегейі, ораза ұстау екені белгілі. Ораза ұстау тек қана сауап алатын әрекет емес, денсаулыққа зор пайда әкелетін іс. Қазақта «Ауру – астан.» деп тектен-тек айтпаса керек. Дәрігерлерге құлақ түрсек, дұрыс тамақтанбаудың немесе мөлшерінен көп тамақтанудың және талғамсыз тамақтанудың салдары ауруға апарып соқтырады. Олай болса, сіздерге оразаның пайдасын жеткізуді жөн көрдік. 1.Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады. 2.Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. 3.Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. 4.Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды. 5.Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. 7. Оразаның ақыл-естен айырылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр. 9. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады. 10. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады. Қарап отырсақ оразаның медицина жағынан пайдасы орасан зор дерсіз. Оразаның пайдасы жайлы бұл бір парасы ғана. Жанымызға бір сәт көз тастайтын болсақ, рамазан айында көп игі істер жасалады. Мәселен кей адамдар белгілі бір отбасыларға баспана сыйлап қуантып жатса, кейбіреулері азық-түлікпен, киім-кешекпен жылу сыйлайды. Қасиетті Рамазан айында таңмен таласа тұрып, таң атқаннан кеш батқанға дейін ораза ұстау, ол тек аш жүру емес. Бұл сауаптың артып, күнәнің кешірілетін кезеңі десе болады. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйініне келе, рамазан айында тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын демекпін.
Айбек БЕРІКБОЛҰЛЫ,
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің оқушысы
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің оқушысы