Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейд жұмысы жалғасуда

Рейд жұмысы жалғасуда


Өздеріңізге белгілі болғандай Қызылорда облысы «сары» аймаққа енген болатын. Осыған орай, Шиелі ауданында жедел күшейтілген рейд қарқынды түсіндірме жұмысын жүргізуде.
Шиелі аудан әкімінің орынбасарлары А.Есмаханов пен А.Жандарбеков, аудандық емхананың жас­тар денсаулық бөлімшесі, емхана психологтары және әлеуметтік қызметкерлер, мобильді топ мүшелері мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе отырып және бекітілген уақыт кезегімен «Сапаржай» автовокзалы мен орталық «Әбдіманап» ЖШС базарында, азық-түлік дүкендерін, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтарын, тамақтану орындары мен қызмет көрсету орталықтарын аралап, коронавирустың алдын алу мақсатында және таралмауы үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларының сақталуын ескертті. Әрбір адамда бетперденің, антисептик спрейінің болуы бүгінгі күні міндетті аксессуарға айналған. Сондай-ақ, отбасылық жиындарды уақытша тоқтатып, залалсызданған жағдайға мейлінше тез жетуге болатындығын тілге тиек етті. Мұнымен қоса, инфекцияның алдын алу және індеттің таралуын тоқтату мақсатында кент ішінде дизенфекция жұмыстары жасалды.
Рейд барысында пандемияға қарсы вакцина «Аудандық емхана», «Болашақ», «Көкшоқы» амбулаторияларында салынып жатқандығы және вакцина тегін жүргізілетіні халыққа түсіндірілді.
Бүгінгі күні «сары» аймақта болуымыз қайсысымызға да жақсы емес. Аты жаман кеселге барлығымыз бір кісідей жұмылып, қарсылық білдіруіміз қажет. Қазіргі біздің басты мақсатымыз осы. Себебі, жақындарымыздың қауіпсіздігі – біздің қолымызда. Жедел қауіпсіздік шараларының арқасында талап орындалады. Ал талап орындалса бүгінгі қиындық ертеңгі күнімізге әсер етпейді. Сол себептен де жақынымызға жанашыр болайық!
Мобилдік топтармен бірлескен рейдтік шаралар шектеу және қауіпсіздік шараларының сақталуына бағытталған түсіндірме жұмыстары жалғаса береді.

Ақбота БАЯНБАЙ
19 сәуір 2021 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930