Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектер әскери ант қабылдады

Түлектер әскери ант қабылдады



Қызылорда гарнизонында әскери-техникалық мектебінің сарбаздары санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, өздерінің Отан алдындағы әскери антын қабылдады.

Әскери-техникалық мектепте қырық күннен астамуақыт даярлықтарын шыңдаған сарбаздартүрлі әскери теориялық, тәжірибелік білім жинап, әскери тәртіппен танысты. Тәжірибе жүзінде қаруды қалай қолдану керектігі мен тактикалық дайындықтардан өткеннен кейін, ант қабылдау алдында қарудан оқ атып үлгерді.
Елін қорғауға сақадай сай тұрған өрендердің басым бөлігі Қызылорданың түрлі аймақтарынан және жастық шағында әскери өмірге қызығушылық танытқан бозбалалар. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар сапына белгілі себептермен қосыла алмаған жас жауынгерлер әскери-техникалық мектеп жайлы есітіп, мекемеге жүгініп, Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған.
- Қырық күн ішінде біршама достар тауып, көптеген нәрселерді үйрендім. Бүгін жауынгер достарыммен әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтап, ант қабылдап отырмыз. Алдағы уақытта әскери қызмет атқарам деген ойдамын. Барлық курсанттар атынан басшылық ұжымына алғысымды айтамын, - деді әскери-техникалық мектебінің түлегі Мағжан Тұрмағанбетов.
Жауынгерлер алғашқы жұмада әскери тәртіп пен Қазақстандағы Қарулы Күштер туралы мәлімет алады. Бұл – әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің соңы емес. Техникалық мектеп темірдей тәртіпке баулитын мамандарды қабылдап, дайындауын жалғастыруда.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
14 сәуір 2021 ж. 744 0