Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Түлектер мектеп көрмесімен танысты

Түлектер мектеп көрмесімен танысты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебінің» Қызылорда қаласындағы филиалының 2021 жылғы алғашқы түлектері мектеп көрмесімен танысты.
Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы сияқты қайғылы беттер туралы тарихи жадыны сақтауда көрмелердің маңызы зор. Сол кездердегі Ел батырлары мен жауынгерлерінің көрсеткен ерліктерін осы көрмелер арқылы көз алдыңнан өткергендей боласың.

Міне, сол мақсаттаәскери мектептің жас сарбаздарымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, осы мектепте орналасқан қазақ елінің соғыс жылдарындағы ерлік көрсеткен батырларына арналған Әскери көрмені тамашалауұйымдастырылды.Мекеме тәрбиешілерінің жетекшілігімен курсанттарға соғыс тарихы, аталарымыздың жасаған ерліктері мен өмірбаяндары айтылып, майдандағы қолданған қару-жарақ түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, қазақ жауынгерлері мен батырларының қаламынан туған шығармалары, нақылға айналған ұтқыр сөздері және батырлық жайлы айтқан пікірлері де баяндалды.
Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебінің директоры Рахметулла Мұхамбетов барлық кезеңдегі курсанттармен ұйымдастырылатын Әскери көрмені аралаужас жауынгерлердің жауынгерлік сабақтарды өту алдындағы рухани күш пен серпін алуында және әскери тәртіпке бейімделуіндеөзіндік орны бар екенін атап өтті.
Бейбіт еліміздің жас жауынгерлеріне патриоттық тәрбие беру аса маңызды. Танымдық орындардың, яғни,көрмелердіңкурсанттарғаәскери тәрбиеберудегі, ата-бабалардың ерлігін есте сақтаудағырөлі зор.Сондықтан әскери- техникалық мектеп түлектері оқу алдында көрмені аралайды.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров




25 қаңтар 2021 ж. 102 0

Қоғам

Алғыс айту
01 наурыз 2021 ж. 35

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (8871)

01 наурыз 2021 ж.

№16 (8870)

26 ақпан 2021 ж.

№15 (8869)

23 ақпан 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам