Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шет тілді жылдам әрі жеңіл үйренудің жолдары

Шет тілді жылдам әрі жеңіл үйренудің жолдары

Шет тілді үйрену ересек жаста қиынға соғып жатады. Әсіресе, қытай, ағылшын, француз тілдерін үйрену үшін ұзақ уақыт пен біраз қаражатты талап етеді. Бірақ тіл үйренуде біз біле бермейтін қарапайым әрі нәтижелі әдіс-тәсілдер жетіп жатыр. 
Тіл үйренудің көптеген тәсілдері бар: түрлі курстарға жазылу немесе өз бетіңізбен дайындалу және т.б. Balbal.kz мотивациялық сайты сіздер үшін шет тілді үйренуге арналған тиімді тәсілдер тізімін дайындады.

Сайттарды қарау арқылы тіл үйрену

Қолымыздағы ноутбук пен мобильді телефон көптеген мүмкіндіктердің кілті болып табылады. Олардың пайдасы күнделікті өмірде және өзіңізді дамыту жолында көл-көсір. Мысалы, Google Chrome сізге сөздік қорды көбейтіп, тілді жетілдіруге бағытталған мәтіндер аудармасын ұсына алады. Сонымен қатар readlang.com сайты сіз үйренгіңіз келетін тілде түрлі карточкалар дайындап, сөздерді тез есте сақтауға септігін тигізеді.

Телефоныңызды шет тілде сөйлетіңіз

Тіл үйренуде тек ғаламтор ғана емес, сізді қоршаған заттардың барлығы көмектеседі. Өзге тілдегі сөздерді кез келген затқа жабыстыру арқылы тез есте сақтауға болады. Ноутбук, телефон, теледидар, планшеттерді өзге тілге ауыстыра аласыз. Бұл күнделікті қолданыстағы сөздік қолданысты есіңізге сақтау үшін қажет.

Онлайн-сабақтар мен кітаптар жазып алыңыз

Қазір ғаламторда көптеген онлайн-сабақтар бар. Тек өзіңізге қажеттісін таба алсаңыз болды. Түрлі курстарды Open Culture сайтынан қарауыңызға болады.

Смартфон арқылы жаттығу

Заманауи технологиялардың өмірімізге көмегі тимей қоймасы сөзсіз. Солардың бірі – қолыңыздағы смартфон. Оған түрлі қосымшаларды жазу арқылы күнделікті сөздерді жаттауға болады. Мысалы, 5-minutes-a-day Drops, Quizlet Lock Screen немесе Lingua.ly секілді қосымшалар.
Оқи отырыңыз: «Ағылшын тілі бойынша білім беретін тегін сайттар»

Не үйренсеңіз де жазып жүріңізЖазу процесінің өзі ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. Егер сіздің жаныңызда серік болмаса, ең тиімді тәсіл – диктант жазу. Онлайн-сабақты тыңдай отырып, үйренгеніңізді жазып отырыңыз. Ол сізге сөздерді дұрыс айтуға және тіліңізді жаттықтыруға септік етеді.

Көңіл көтеру арқылы жаттығыңыз

Егер сізді сөз жаттау немесе тіл үйрену жалықтырса, бұл процесті көңілді етудің жолын іздестіріңіз. Мысалы, сол тілдегі бағдарламалар мен музыка тыңдап, түрлі фильмдер мен телебағдарламаларды тамашалаңыз.
Фильмдерді субтитрлер арқылы көріп, бейнебаяндарды мәтіні арқылы тыңдап үйреніңіз.

Көбірек сөйлесіңіз

Жаңа тілді тез үйрену үшін көбірек сөйлеу қажет. Неғұрлым көп сөйлесеңіз, соншалық тез жаттығып, тез үйреніп аласыз. Жаттаған сөздерді ұмытпайсыз. Мамандардың айтуынша, кемінде 30 минут жаңа тілде сөйлеу пайдасын әкелмей қоймайды. Егер өзге тілде сөйлесер достарыңыз не таныстарыңыз болмаса, оны Wespeke, Verbling сайттарынан таба аласыз.

Ғылыми әдістерді қолданыңыз

Ең тиімді тәсіл – белгілі интервал арқылы қайталау. Белгілі ақпаратты интервалмен қайтала беріңіз, уақыт өте келе оның санын көбейте бересіз.
Ұйқы алдында қайталау тиімді әдістің бірі. Ұйқы кезінде миыңыз барлық ақпаратты өңдеп, сақтап отырады.
Тіл үйрену барысында тілдің барлық сөздері мен ережелерін жаттаудың қажеті жоқ. Күнделікті және аздан жаттау, қайталау көбірек пайдасын әкелетінін ұмытпаңыз. Үйрену барысында ескі сөздер мен жаңа сөздерді араластыру оның есте қалуына көмектеседі.
Қазіргі уақытта шет тілдерсіз болашағамызды елестету мүмкін емес. Ғалымдардың зерттеуінше, шет тілдерді үйрену сіздің миыңыздың жұмысын жақсартады.
https://balbal.kz
08 сәуір 2021 ж. 283 0