Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
Егемендігімізді алып, тәуелсіз ел екенімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, Елбасы Н.Назарбаев бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға белгілі.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мемлекетіміздің даму жолына көз жіберсек, оның тарихы тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсаны еліміз үшін елеулі оқиға болды. Себебі елімізде Қазақстан Республикасының жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде еліміздің ертеңін арқалаған Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың қолдауымен жеңімпаз атанды. Елбасымыз мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап-ақ, еліміздің, әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау барысында келеңсіздікке ерекше мән бере отырып, өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, қазақстандық жолдың ерекшелігін үйлестіру жолында даралығымен әлем назарын өзіне аударды. Әлем жұртшылығының ойына келе бермейтін Елбасымыз еліміз үшін батыл шешімдер қабылдады.
Қазіргі таңда еліміз терезесі тең, тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ұлы мемлекетіне айналып, соның нәтижесінде еліміз қазір дамыған 30 елдің қатарына кіргелі отыр.
Елбасымыздың сарабдал еңбегін атап айтар болсақ, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында», «Болашақ» бағдарламаларын ерекше айтуымызға болады. Соның ішінде білім саласына келетін болсақ, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен көптеген жастарымыз шетелде білім алып, оқып келіп жатыр. Елімізде Назарбаев университеті сияқты ірі оқу орындары ашылып, сол базада мықты мамандар даярлау ісі қолға алынуда. Бұл да білім беру саласындағы тың өзгеріс.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай еліміздің барлық жерлерінде 30 түрлі игі істер атқарыла отырып, мерекелеу іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Қорыта айтқанда, Елбасымыз әлем алдында тәуелсіз елдің тұсауын кескен сарабдал басшы ғана емес, елі үшін жаралған тарихи тұлға, кемеңгер көшбасшы екеніне уақыт өткен сайын көзіміз жете түсуде.
Жанар ӘБДРАХМАНОВА,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі