Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп қандай жағдайда карантинге жабылады?

Мектеп қандай жағдайда карантинге жабылады?

BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова қандай жағдайда мектептер карантинге жабылатыны туралы айтып берді.

COVID-19 жұқтырудың 1-2 жағдайы анықталса, сынып жабылады. 3 және одан да көп жағдай анықталғанда мектеп толығымен жабылады. Яғни балалар қашықтан оқуға ауысады, - деп түсіндірді Білім басқармасының өкілі.

Брифинг барысында Имангазинова мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтынына тоқталды.

Оқушыларға өздеріне ыңғайлы, ұқыпты киім киюге рұқсат беріледі, - деді ол.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылының басынан бері елордада 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі күні 22 мектепте карантин жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, одан басқа халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарының оқушылары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 1-5 сынып оқушыларының 85 575-сі, яғни 88%-ы офлайн режимде оқытылып жатыр. Ал бітіруші 9, 11, 12-сынып оқушылары оқуды аралас форматта жалғастырады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, қалған 30%-ы қашықтан ұйымдастырылады.
12 наурыз 2021 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031