Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылады

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп. Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.

25 ақпан 2021 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031