Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда су тапшылығы қай деңгейге жетуі мүмкін?

Қазақстанда су тапшылығы қай деңгейге жетуі мүмкін?

Биыл Қытаймен су мәселесіне қатысты бірлескен комиссияның жоспарланған отырысы өтеді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның вице-министрі Серік Қожаниязов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ғалымдардың болжамы бойынша Қазақстанда 2040 жылдарға қарай су тапшылығы 50 пайызға жетуі мүмкін. Еліміздегі су ресурстарының жартысына жуығы өзге мемлекеттердің аумағында қалыптасатынын ескере отырып, көршілес мемлекеттермен әріптестікке ерекше көңіл бөлу қажет. Өткен жылы Қытайдан басқа көршілес елдер арасында су мәселесіне қатысты бірлескен комиссияларының жоспарланған отырыстары түгел өтті. Пандемияға байланысты Қытай тарапы комиссия отырысын 2021 жылы бірінші тоқсанда өткізуді сұрады», – деді С. Қожаниязов.Оның айтуынша, вегетациялық маусымда судың тапшылығын шешу мақсатында қырғыз тарапымен электр энергиясымен алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Нәтижесінде, «Тоқтағұл» су қоймасынан 330 млн текше метр суармалы суды қосымша өткізу қамтамасыз етілді. Осы тәртіп бойынша Тәжікстан аумағынан 300 млн текше метр су жіберілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы 1 022 экологиялық тексеру жүргізілді. Тексерістер санының азаюы елдегі карантинге байланысты. Тексеру нәтижелері бойынша 2 875 заң бұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 1 966 нұсқама беріліп, соның 1 540-ы орындалды.
14 ақпан 2021 ж. 556 0