Латын әліпбиіне көшу – жаһанданудың озық үлгісі
Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыпасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл –ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
Қазіргі қазақтың қолданыстағы ұлтық әліпбиі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткеріп, қалыптасқан әліпби жүйесі. Жүздеген жылдар бойы еліміз араб графикасына сүйенсе,1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бүгінгі күні кирилл графикасын қолданады. Қазақ даласында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпалары көне «есік жазуы», «ғұн жазуы», «руна жазуын» пайдаланғанын Ә.Марғұлан ғылыми зерттеулермен дәлелдейді.
Қазіргі қазақтың қолданыстағы ұлтық әліпбиі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткеріп, қалыптасқан әліпби жүйесі. Жүздеген жылдар бойы еліміз араб графикасына сүйенсе,1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бүгінгі күні кирилл графикасын қолданады. Қазақ даласында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпалары көне «есік жазуы», «ғұн жазуы», «руна жазуын» пайдаланғанын Ә.Марғұлан ғылыми зерттеулермен дәлелдейді.
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі жұртымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. «Ұлтың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» дегендей ана тіліміздің қарыштап дамуы, еліміздің болашағы үшін қайырлы болмақ. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Математика, физика, химия формулалары, ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты. Әлемдік қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастардың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Ғаламдық деңгейде бой көрсету үшін, әлем жастарымен тіл табыса алуы үшін де латын қарпіне көшуіміз керек. Қанша жылдан бері латын қарпіне көшу туралы айтылып келе жатыр, оны іс жүзінде орындайтын кез келді деп ойлаймын. Латын әліпбиі қазаққа жат емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Ал «латынның бізге берері не?»дегенде тиімді жақтарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру. Бұл ағылшын тілін меңгеру, ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу. Және ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен сөз өнерін, әдебиетіміздің асыл мұрасын әлемге танытудың озық үлгісі деп білемін. Бүкіл әлемдік тәжірибе осы таңдаудың дұрыстығын айқындап отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпараттың қайнар көзіне айналуда. Бауырлас Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерін айтпағанның өзінде, төл әліпбилері бар Жапония, Қытай секілді алпауыт елдер әліпбидің қосымша нұсқасын енгізіп отырғаны көп нәрсені аңғартса керек.
Бұл өзгерістің басты артықшылықтары апострофтардың болмауы және халықаралық таңбалау жүйесіндегі диграфтардың енгізілуі деп есептейміз.
Жаңа редакциядағы Ч және Ш әріптерінің диграфтармен таңбалануы соған айғақ. Ал Ә, Ғ, Ң, Ү, У дыбыстарының жекелей өз таңбасы болуы әліпбиді қолдануды тіптен жеңілдетіні өз-өзінен түсінікті. Енді U әрпін шатастырмауға оңай болады. У жеке таңба иеленген. Бұл өз алдына компьютерде мәтін терудегі жеңілдіктерге алып келетіні сөзсіз. Пернетақтадағы мәтін терудегі іс-әрекеттер саны екі есеге азаюы жаңа редакциядағы әліпбидің жетілдірілгенін байқатып отыр.
Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуымен білім алып, технологиялық заманға бейімделуде. Демек, латын әліпбиінің біздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне үлкен үлесін тигізері сөзсіз.
Ақтолқын ӘЛЖАНОВА