Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаңыздың қай жерде екенін үйде отырып бақылай алсыз: Жүйе қалай жұмыс жасайды

Балаңыздың қай жерде екенін үйде отырып бақылай алсыз: Жүйе қалай жұмыс жасайды

Балаларды қадағалауға арналған жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүйе Алматыда пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Білім және ғылым министрлігі оқушылар экспериментке қатысатын бір мектепті таңдады.
"Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жобаны пилоттық режимде іске қосамыз. Осы уақытқа дейін балаларды телефон арқылы, сағыт, арнайы бағдарлама арқылы басқару үсынылған. Бірақ бұл толыққанды қауіпсіз болмай шықты. Сондықтан біз баланың киіміне немесе сөмкесіне тігілетін арнайы түйме жасадық. Аккумулятор бір жылға шыдамды болады. Және ол интернетті қажет етпейді. Жүйе баланың қай жерде екенін анықтауға мүмкіндік береді", - дейді Сәкен Сарсенов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтты.
Баланың орналасқан жерін ата-анасы мобильді құрылғысында Bluetoot арқылы көре алады. Сондай-ақ кез келген төтенше жағдай орын алған жағдайда полиция қызметкерлері көре алады. 
Жақын арада жоба пилоттық режимде іске қосылады, ал жыл соңына дейін оны бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

https://stan.kz/
03 ақпан 2021 ж. 230 0