Оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе іске қосылады

Қазір екінің-бірінде bluetooth-ы бар қондырғы бар. Ол баланың трекингін анықтауға мүмкіндік береді. Оны тек ата-ана мен штаттан тыс оқиға орын алғанда полиция көре алады. Осылайша бұл полицияның бірден әрекет етуіне мүмкіндік береді. Пилоттық аймақ ретінде Алматы қаласы таңдалып отыр. Мектепті Білім және ғылым министрлігі таңдап берді. Жақын арада жоба пилоттық жүйеде жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін ел өңірлерінде іске қосылады, - деді ол.
Ішкі істер министрінің орынбасары айтқандай, жүйе қазақстандық емес. Бұл қазақстандық know how емес. Әлемде ол тәжірибеде бар. Бұл жүйе МЖӘ бойынша енгізіледі. Оған мемлекеттің қаржысы жұмсалмайды. Интернетке тәуелді болмаған соң, кез келген адамның bluetooth-ы арқылы ақпарат алуға болады, - деді ол.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінде «мобильдік қосымшасы» таныстырылған еді.
baq.kz