Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға сиырлар теңіз арқылы тасымалданады

Қазақстанға сиырлар теңіз арқылы тасымалданады

Келер жылдан бастап, Құрық теңіз порты арқылы ірі қара мал тасымалдана бастайды. Бразилиядан «абердин-ангус» асыл тұқымды сиырлар теңіз арқылы елге жеткізілмек. Пилоттық жобаны Қазақстанның ет одағы қолға алып отыр. Сырттан келетін малды тіркеп, оның санитарлық жағдайын тексеру үшін 5 мың бас ірі қараға арналған карантиндік аймақ салынады. Қазір паромдық кешен жанынан бұл мақсатқа 20 гектар жер бөлінді. Онда малды 30 күнге дейін ұстайтын болады.
Бұл жоба Құрық портының мал тасымалдаудағы транзиттік әлеуетін де арттыруға мүмкіндік береді. Қазір карантиндік аймақтың жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Жоспар бойынша осы жылдың соңына дейін құрылысты бастап кетпек. Қыдырберді Беков, Қарақия ауданының әкімі: - Транзитпен басқа елге кетуі мүмкін немесе біздің Қазақстанның ішінде солтүстік өңірлерде сол малдар ары қарай жеткізілуі мүмкін. Дегенмен бұл жоба өзінің нәтижесін береді. Бұл 5 мың бастық жобаны жүзеге асыруы қосымша бізге жұмыс орындарын ашады. Инвестиция болып есептеледі. Сонымен қатар жем-шөп базамызды қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

24.kz
26 қазан 2019 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031