Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕШКІ СҮТІ АЛЛЕРГИЯҒА ЕМ

ЕШКІ СҮТІ АЛЛЕРГИЯҒА ЕМ

Бүгінде әлем бойынша жылдам таралып бара жатқан аурулардың бірі – аллергия. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5%-і, балалардың 15%-і түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді.
Аллергиясы бар ата-аналардан туыл­атын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтималдығы жоғары болатындығы да анықталып отыр. Аллергия адам бойындағы иммундық жүйеде ақау бар екендігін білдіреді. Айналадағы қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарға шыдас бермеген иммундық жүйе сыр беріп, аллергияның қозуына алып келеді. Осы орайда ешкі сүтінің аллергияға бірден- бір ем екені дәлелденіп отыр. Осыған орай дәрігерлер бүгінде құрамында сиыр сүті бар тағамдардың орнына құрамында ешкі сүті бар тағамдарды пайдалануға кеңес беруде. Аллергия­­дан басқа ешкі сүті түрлі ауруларға ем саналады. Сондай-ақ ағзаның қорғаныш күшін арттыруға да ешкінің сүті ерекше әсер етеді. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем. Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың айтуы ­бойын­­­ша ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп. Ал калийдің жоғары мөлшері жүрек қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді. Бұл қаназдықтың алдын алуда аса маңызды дейді мамандар. Бүгінде Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына­­ шалдыққандарды ешкі сүтімен емдеуде. Демек ауырмаймыз десек, ешкі сүтін тамақ рационымызға міндетті түрде енгізіп қоюымыз қажет. Ешкінің сан түрлі пайдасына қарамастан еліміз оны елемей келеді. Отандық нарықта ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының 90%-і шекара асып шетке ағылып жатыр. Неше ғасырдан бергі ата кәсібіміз мал шаруашылығы болғанымен әлі күнге қолда бардың қадірін білмей келеміз. Дұрыстап ден қойсақ бір ғана ешкінің өзінен еселеп табыс табуға болар еді. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі, диеталық тағамдарға мән береді. Осы орайда ешкі етінен бренд жасауымызға да болар еді. Ата-бабаларымыз ешкінің аса өсімтал мал екенін айтқан. Демек ешкі өсіруді қолға алсақ, ұтылмасымыз анық.

Қуат АХМЕТЖАНОВ
26 қаңтар 2021 ж. 1 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031