Есі кеткен ешкі асырайды
«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» дейді Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. Біз «мал баққан, ешкімге соқтықпай жай жатқан», тірлігінің ырысын төрт түлігінен тапқан елміз.
Ақпарат көзіне сүйенсек еліміздегі ешкінің саны 2 млн-ға жетеқабыл екен. Ал көрші Қытай елінде біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда көп, яғни 170 млн. Пайдасын зерттеп білгендіктен болар телеарналарында үнемі ешкі сүті мен етін насихаттап отырады екен. Бұл дегеніміз аспан асты елінің ешкі төлінің пайдасына нықтап көз жеткізгендігін байқатса керек.
Еті қалақтай болғанымен, сүті бұлақтай ешкі түлігі жылына екі рет егізден төлдеп, тез көбейеді. «Ешкілі бай – есепті бай» деп мәтелдеткен қазақ иір мүйізді үй жануарының етін, сүтін, терісін, жүнін, түбітін пайдасына асырған.
Етінің құрамында холестерин көрсеткіші өте төмен. Тіпті құс етінен де артық диеталық тағам саналады. Ал сүтінің құрамындағы кальций, магний, фосфор, марганец, мыс секілді микроэлементтер мен А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы типтес 40 тан астам дәрумен түрі асқазан-ішек, диатез, ұйқы безі ауруларына, анемия мен көздің нашар көруіне ем, құрамындағы кальций рахит ауруының алдын алып, сүйек қатаюына пайдасын тигізеді. Косметологияда шаштың түсуін тоқтату мен теріні ағартуда қолданылады. Шашты жуған кезде ешкі сүтімен шаятын болса түбі қатайып, түсуі тоқтайды. Теріге бөртпе мен дақтар шыққан жағдайда кетіруге жақсы көмектеседі. Бұрынырақта көз қарашығының бұлыңғырлануына қарсы — күнжітпен, диарея кезінде – теңіз тастарымен, арпа жармасымен қосып қайнатып, сүттің қасиетін еселендірген. Шикі ешкі сүтін күнделікті тұтыну адам организмінің түрлі ауруға қарсы қорғаныш қабатын күшейтіп, ішектегі зиянды бактерияларды жойып отырады.
Терісі созылғыш әрі санитарлық жағынан тазалығымен ерекше. Киім, аяқ киім тіксе жауын-шашын мен суыққа киюге өте тиімді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшықты да жасауға болады. Жылтыр, тығыз жүнінен кілем, мата, тон тігіледі. Малдан алынатын талшықтардың ішіндегі ең жіңішкесі осы ешкінікі, ал тұяғын желім қайнату кезінде қолданады. Беретін шикізаттарының барлығы бағалы.
Назерке СЕРӘЛІҚЫЗЫ.