Инесі – кәсіп, тіккені – нәсіп
Ойланып қарасақ адам өмірінде мамандық көп. Оны икемімізге қарай ажырата білу өз қолымызда. Бастысы мамандық таңдаудан қателесіп кетпесек болды. Кейде халқымызға қалаулы, елімізге елеулі болып қызмет көрсеткіміз келеді. Ол үшін бәріміз бірдей әкім, заңгер, сот болу шарт емес. Адамға қарапайым мамандықпен де еңбектің нанын татуға болады. Мысалға аспаз, дәнекерлеуші, құрылысшы, шаштараз, тігінші секілді кәсіби мамандықтардың да маңызы зор.
Менің бүгінгі қозғағым келіп отырған қарапайым мамандықтың бірі – тігіншілік өнері. Біз бала күнімізден апа, жеңгелеріміздің ине-жіп алып жыртылған киімді тігіп, жамап-жасқап отырғанын көріп өстік. Ал, қазір ше? Қазір мүлдем басқаша. Әдетте тігісінен кеткен киім болмаса, оны қалпына келтірудің тіпті қажеті жоқ-мыс. Жаңасын аламыз. Бітті. Инені түртуге икем келмегесін базарға тартамыз. Ол жақтың заңы қатал. Арзанынан алсаң, аз ғана уақыт киесің, қымбатынан алсаң ұзағырақ киесің. Бағасы да солай. Оның үстіне «бренд» деп алғанымыз бір жуылғаннан соң (сылпиып) созылып немесе тарылып қалатыны шындық. Мұндай сәтте кейбіріміз тігіншінің қызметіне жүгінеміз. Себебі талғамыңа сай тігілген киім пішініңе қарай жеті рет өлшеніп, бір рет кесіледі. Әрі базар бағасынан әлдеқайда арзан. Міне осындай қарапайым болса да, қоғамда сұранысқа ие тігіншілік мамандығын таңдаған жандардың бірі – Әйгерім Мазаф.

Бала билік ісмер келіншек құрақ құрап, көрпе, жастық тігеді. Негізгі мамандығы дизайнер. 1996 жылы Тартоғай ауылдық округінде дүниеге келген ол, әсемдікке, өнер туындыларына ерекше ықылас танытады. Тұрмыс құрып, отбасылы болған соң өзінің жеке кәсібін бастауға бекінеді. 2019 жылы аудандық кәсіпкерлік палатасына тіркеліп, 2020 жылы «тігінші» мамандығын оқиды. Тәжірибе жинақтау үшін алдымен үйге қажетті, перде, көрпеше тігіп бастайды. Осылайша, мата мен қайшы, ине мен жіпті, тігін мәшинесін еңбек құралына айналдырып, күрделі кәсіпті икемділікпен игеріп, тәжірибе жинақтап, төселе түсті. «Талапты жанға нұр жауар», «қарекет қылмай берекет болмас» дегендей, Әйгерім Маратқызы 2020 жылы өз ісін бастауға бел буады. «Шебердің инесі де алтын, соққан күймесі де алтын» дегендей, он саусағынан өнер тамған нәзік жан дестелеп те, кестелеп те киімдер тігіп, көпшіліктің талғамынан шығады, тапсырыс берушілер де арта түседі. Перделердің бас-аяғын қайыру, шалбардың балағын, көйлектің етегін қысқарту, киім-кешекті өңдеу сияқты тапсырыстар оған еш қиындық тудырмайды. Мұндай тапсырысты ұзаққа созбай сол мезетте бітіріп беруге тырысады. Жұмыстың сапасы көңіл көншітеді, бағасы да қолжетімді.
– Құрақ жасау шыдамдылықты талап етеді. Бұл жерде түстің бір-бірімен үйлесімділігі өте маңызды. Матаның да қалай қиылғанына назар аудару керек. Негізі әр істі жасағанда селқос, зейінсіз қарауға болмайды. Себебі ол сүйкімсіздікке және салақтыққа әкеледі. Мата түрлерін, сапасы мен сәнін айыра білетін адамдар қолымнан шыққан туындыларды артығымен де бағалап жатады, – дейді тігінші Әйгерім.
Қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Тігін дегеніміз – тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, теңдік керек. Тігіншілік өнер бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ