Жақсылыққа шақырған жақсылар

Алла разалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затты – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың білмесін» деген хадиске сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі. Яғни, садақа – береке кілті. Осыған орай 2021 жылды ҚМДБ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы садақаны ел болып бірігіп қайырымдылық жасап, түрлі бәлекеттен сақтауға шақырды. Жекелей садақа бересіз бе, ақшалай ма немесе заттай ма, ол өз еркіңіз. Бастысы садақа беру арқылы сіз түрлі бәлекеттің алдын аласыз. Елімізді қайырымдылық жасау арқылы түрлі қиыншылықтан сақтап, бірлігімізден ажырамай жақсы амал жасауға шақырды. ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Бас муфти Наурызбай қажының тапсырмасымен «Зекет» қайырымдылық қорының республикалық «Тайқазан» жобасы құрылды. Аталған жоба бойынша 20 үйге азық-түлік арқылы жасалған ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты марафоны Ы.Жақаев ауылынан бастау алды. Жоба аясында бұл марафон аудан-ауылдарды аралап жалғасын табады. Бастысы ниетіміз қабыл болсын.
Ақбота БАЯНБАЙ