Керек дерек
Пітір садақаның міндеттілігі:
Пітір садақасы қарыздардан азат, ақыл есі дұрыс, барлық мұсылмандар үшін міндетті. Бұл садақаның міндеттілігі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) оразаның аяқталуына байланысты айтқан: «Жас бала болсын, кәмелетке келген болсын әрбір адам кедейлерге жарты (саа) бидай немесе бір (саа) тары немесе арпа таратып берсін» - деген сөзіне негізделеді. Пайғамбардың (с.ғ.с) бұл сөзі бізге адамгершілік міндетті жүктейді. Бір саа шамамен 2 кг 918 грам болады.
Пітір садақаның міндеттілігінің шарттары:
Пітір садақа беруге міндетті адамдар. – Пітір садақа беру (жоғарыда белгіленген мөлшерде) оны төлей алатын әр адам үшін міндетті, себебі, Ибн Амир Пайғамбардың пітір садақаны бүкіл адамзат үшін және еш айырмасыз екі жыныс үшін бұлтармас міндет (парыз) түрінде бекіткенін айтады.
Кез келген адам пітір садақаны өзінің жас балалары үшін төлеуге міндетті, себебі, ол қамқоршы болып табылады және оларды асырау оның мойнындағы міндет ретінде қойылады; сондықтан, осы жас балалардың мойнындағы садақа беру міндетін орындау да олардың әкесінің немесе оның орнындағы адамның міндеті саналады.
Пітір садақаның мөлшері және төлеудің мерзімі
Пітір садақа мөлшері және төлеуге қолдануға болатын заттар туралы. – Пітір садақа бидай, ұн, кебек немесе кепкен жемістер арқылы берілетін болса, олардан жарты саа құрма немесе арпамен берілетін болса – бір саа мөлшерінде төленеді.
Пітір садақаны ұн немесе арпаның, бидайдың кебегімен төлегенде олардың құнын есепке алған дұрыс, мысалы, бидайдың жарты саағасының құны бидай ұнының жарты саағасының құнына тең келетін болса қолданылады. Бидай немесе ұнының уәжіп болған мөлшері: 1кг 459 г немесе құны; құрғатылған жүзім 2кг 918 г немесе құны. Пітір садақаны нанмен төлеген кезде тек оның құны ғана есепке алынуы тиіс;.
Пітір садақа төлеу кезінде бидайға қарағанда ұн бағаланады, ал ұнға қарағанда ақша бағаланады, себебі, ақша қажеттіліктерді барынша толық түрде, ал ұн бидайға қарағанда неғұрлым жылдамырақ қамтамасыз етеді, себебі, бидай тағамға пайдалану үшін алдымен диірменге тартылуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерлердің құны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дәуірінде бір-біріне жақын болатын. Ал, қазір олардың құндарының арасында айырмашылық жоғары және әр аймақта әртүрлі. Сондықтан, пітір садақаның мөлшері ретінде бір кедейді таңертең және кешке тойдыруға жететіндей мөлшерді өлшем ретінде алған абзалырақ.
Пітір садақаны төлеу міндетінің басталу мерзімі. – Пітір садақа төлеу міндеті ораза айты күнгі таң шапағынан басталады; яғни, бұл міндетті орындау үшін осы нақты анықталған мезгілдің басталуы шарт болып қойылады.
Пітір садақаны ораза айты, мейрам күні мешітке осы мейрамда оқу үшін белгіленген намазға бармай тұрып төлеу ең жоғары мақтауға ие, себебі, Пайғамбар осылай істеген, сондай-ақ, пітір садақаға қатысты ереже кедейлердің қажеттіліктерін жеңілдету түрінде берілген, яғни, осындай сый арқылы оларға мейрамға қуану және мейрам күні орындалуы тиіс рәсімдерді қуанышпен орындау мүмкіндігін беру көзделеді. Пайғамбардың мұндай ниетінің жүзеге асуы, егер, пітір садақа айт намазы оқылғанға дейін таратылып берілсе барынша орынды деп санауға болады.
Егер кімде-кім ораза мейрамы күні пітір садақа төлемесе, онда ешнәрсеге қарамастан мұндай төлемнің міндеттілігі өз күшін сақтап қала береді және оны кейіннен немесе рамазан айында айттан бұрын төлеу де орынды, себебі, ол кедейлердің жағдайын жеңілдету үшін белгіленген және оның осылай анықталуы өз күшінде қалады.
Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан аймағындағы бидайдың салмағымен орташа бағасын есептеп сол арқылы теңгемен белгілейді.
Дайындаған Е.ДАТҚА.