Ұлттық құндылық – ұлттың қорғаушы шамшырағы
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев осыдан үш жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, ұлттық код туралы нақтылап айтты. Елбасы ұлттық болмыс хақында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойындағы жақсы мен жаманның бәрін, яки болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Осыдан кейін барлығымыздың ойымызда «Ұлттық код дегеніміз не?» деген сауал туындауы заңды. Бәлкім біз бұл сөзді бертін келе естіп жатқан шығармыз. Алайда ол бұл терминнің жуық арада пайда болғанын білдірмейді. Себебі кез келген мемлекет үшін ұлттық код, ұлттық рух маңызды. Егер ұлттық рух мықты болмаса, қандай да бір мемлекет болсын іргесі сетінеп, құлаудың алдында тұрады. Яғни ұлттық код дегеніміз – бір халықты өзге жұрттан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысы. Бұл болмыс белгілі бір ұлттың ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тіпті мінез-құлқы мен арман-мұратын толық қамтиды. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық код – халықтың тұтастығы мен ауызбіршілігін сақтап тұрған кілт. Сондықтан көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан бүгінгі заманда әрбір жұрт жойылып кетпеудің амалы ретінде өзінің байырғы рухани қасиетін мейлінше жаңғырту керек. Жаңғыртып жатыр да. Оны жаңғыртып қана қоймай, заманауи, ғаламдық бәсекеге қабілетті, бүгінгі қоғам адамдарына сай етіп өзгертуде.

Әрине, мұндай жаңғыру жолында біздің еліміз де кеш қалып жатқан жоқ. Қазақ халқының басқалардан бірден-бір ерекшелігі – өнегеге толы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа бай екені. Бір ғана баланың дүниеге келуінен бастап, жұмыр басы жер бесікке тигенше жалғасатын салт-дәстүрлер біздің елде ғана бар шығар, сірә?! Алайда «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген сөзді де естен шығармау қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да сол үшін құрылған. Қазіргі таңда әлеуметтік желіден әртүрлі салт-дәстүрдің орындалып жатқанын көріп, жағаңды ұстайтын жағдайға жеткеніміз жасырын емес. Оның үстіне кейінгі жас буынның өзгенің қаңсығын таңсық көріп, күнделікті өміріне енгізіп жібергені тағы бар. Сондықтан әр адам ой-санасының өлшемімен, қазақ халқында тал бесіктен басталып, жер бесікке дейін жалғасатын салт-дәстүрді сұрыптай білген жөн. Сан мыңдаған салттың ішінен бетіндегі қаймағын, ұғынған жанға ұлағат, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге болатынын таңдағанымыз абзал. Сол кезде ұлттық құндылығымызды ұйыған айрандай сақтап қала аламыз.
Тәуелсіздіктің таңы атып, егемендік еңсемізді тіктеген соң жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды. Бостандық бақыты басымызға бұйырған сәтте «Қайта оралды қазағымның салт-дәстүрлері-ай» деп жырлағанымыз да өтірік емес. Бірақ біз қолда бар алтынның қадіріне жете алдық па? Бағасы алтыннан қымбат құндылықтарды әлі күнге дейін сақтап келеміз бе? Бұл – жүрегі қазақ деп соғатын әр жанды мазалайтын сауал. Егер қылықты қыздар мен жігерлі жігіттер қанға сіңген құндылықты бағалап, одан әрмен насихаттайтын болса қазақ елінің тарих сахнасындағы тұғыры биік болады. Бәлкім, кейбіреулер үшін салт-дәстүр, ұлттық құндылық қарапайым сөз секілді әсер қалдыруы мүмкін. Алайда ұлттық құндылық ұлттың қорғаушы шамшырағы екенін естен шығармайық.
Аманкелді ШЕРӘЛІҰЛЫ,
Талаптан ауылдық округінің әкімі
Талаптан ауылдық округінің әкімі