Үлгі мен тағылым мектебі

Осыдан 15 жыл бұрын маған республикалық әйелдер форумына қатысу бұйырды. Тарихи жиында елдің түпкір-түпкірінен келген іскер әйелдер, көшбасшылар, зиялы қауым өкілдері болды. Форумда Нұрсұлтан Әбішұлын алғаш рет жүзбе-жүз көрдім. Сол жиыннан алған ерекше әсер маған үлкен шабыт сыйлаған еді. Одан бері де 2012 жылы «Nur Otan» партиясының белсенді қызметкері аталымымен марапатталдым, ал 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болдым. Ел дамуы үшін жасап жатқан еңбегіміз ескеріліп, қандай да бір марапатқа ие болсақ, ол – тек халықтың ыстық ықыласы мен ұлт көшбасшыларының сарабдал саясатының арқасы деп білемін.
Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, елдің қамқоры болған азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін. Аудан тұрғындарын 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шынайы ықыласпен құттықтаймын!
Патима Маханбет,
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары