Таэквондошы Таңсұлу
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру – ұлт денсаулығының кілті болып табылады дей келіп, «біз балалардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін спорт саласын дамытып жұмыс жүргізуіміз қажет» деген болатын.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырып, татулыққа үндейді. Біле білсеңіз, спорт – үлкен күш-жігерді, жұмыс пен төзімділікті, әрдайым алға деген ұмтылысты қажет ететін сала. Шығыстың жекпе-жек өнері саналатын таэквондо ұрыстық спорттың бірі. Біздің елге жекпе-жектің бұл түрі тәуелсіздікпен бірге келді десек болады. Дәл сол жылдары әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік атажұрты Қазақстанға келіп таэквондо жоғары мектебінің негізін қалаған еді. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы өскелең жас ұрпақ екенін естен шығармауымыз керек. Біздің елде қай спорт түрі болса да айтарлықтай көңіл бөлініп, жаттығуға керекті жабдықтармен жасақталып жатқаны көңіл қуантады. Әсіресе, Шиелі ауданындағы жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығы басым. Сондықтан буыны қатпаған жас жеткіншектерді ата-аналар спорт үйірмесіне топқа қосса, ой-өрісі мен дене бітімі қалыптасады. Бұл спортта жылдамдық пен әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білу спортшының табандылығын танытып, күш-жігерін арттырады. Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Бүгінгі мақаламыз жаста болса осы таэквондо спортында өз шеберілігін шыңдап, байрақты бәсекеде биіктерден жарқырап көрініп жүрген ауданның мақтанышы, қайсар қызы Таңсұлу Шералы жайында болмақ. Таңсұлудың спортта алғыр, оқуда озат, өмірде зерделі болуына атасы мен әжесінің ықпалы тиген. Оны атасы Шералы спорт үйірмесіне өзі жетектеп апарған. Жанкүйерлердің қошеметіне бөленген ол чемпионаттарда намысты қолдан бермей, алтыннан алқа тағынып үздіктер қатарыннан көрініп жүр. Татамиге шыққан қарсыласты шақ келтірмей, тегеурінді қимылының арқасында айқын басымдықпен жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

Аз уақыттың ішінде топ жарып, көзге түскен өжет қыз ел намысын жібермеуге тырысады. Осы шығыс жекпе-жегін жанына жақын санап, тыңғылықты жаттығуының арқасында жеткен жетістіктері бір төбе. Саралай кетсек, 2016 жылы WTF Таэквондодан балалар арасында ҚР чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына орай Тұңғыш Президент күні мерекесіне арнайы ұйымдастырылған таэквондодан облыстық ашық түрнирде І орынды, 2017 жылы Астана қаласында өткен балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында I орын, Алматы қаласында 2017 жылы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған таэквондодан WTF ІІІ-ші Республикалық турнирінде І орынды жеңіп алды. 2018 жылы Түркістан қаласында өткен Таэквондодан ҚР чемпионатында 36 кг салмақ дәрежесінде ІII орынды иемденді. 2019 жылы Қызылорда қаласында өткен Таэквондодан халықаралық турнирде 34+ кг салмақ дәрежесінде 1 орынмен кубок жеңіп алды. Жалпы спортта жеткен жетістіктерінің бірнешесін ғана ұсындық.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген қазақы тәмсілді қаперге ұстанған ұстаздарымен қатар таэквондо спорт үйірмесінің бапкері Смаил Сүндетхан да балғын жастың биіктерге қанат қағуына үлес қосуда. Барлық спортта білікті бапкер мен жанкешті жаттықтырушы болмаған жерде талант ашылуы екі талай. Сол себепті бапкердің еңбегін жоғары бағалап, лайықты құрмет таныту керек деп ойлаймыз. Кейіпкеріміз тек спорт түрімен емес, сонымен қатар ағылшын тілі пәнінен 2018 жылы «British Bulldog» халықаралық олимпиадасына қатысып II орын алды. Атасы Таңсұлу табиғатынан берілген бейімділікті белгілі бір мақсатқа бағыттауының нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінгенін мақтанышпен айтады. Ал әжесі Күлжамал Ізбасарова айтқан әңгімелерден кереметтей бір жылылықты, қызына деген құрметті байқадық. Көптеген байрақты бәсекелерде қарсыласқа бет қаратпай, алтыннан алқа тағынып жүрген жігерлі қыздың ендігі арманы әлем биігін бағындыру. Бос уақытында анасына қолғабыс жасап қана қоймай, барлық сабақтарына пысықтық жасайды. Таңсұлудың болашағынан бәріміз үлкен үміт күтетініміз анық. Таңсұлудың алар асуы мен бағындырар белесі алда. Олай болса, спортта жұлдызың жанып, сәттілік серігің болсын деп осы мақаламызды түйіндемекпіз.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ